О создании республиканского государственного учреждения "Воинская часть 6698" Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
·№ 285
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании республиканского государственного учреждения "Воинская часть 6698" Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің "6698 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 285
- Қабылданған күні
- 27.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2015 AI71188_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000285
- ЭКБ идентификаторы
- 71188
- Редакция идентификаторы
- AI71188_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:25
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің "6698 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың деңгейін арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында орналасатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «6698 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) мекеменің жарғысын бекітсін және Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-1-жолмен толықтырылсын:
«77-1. 6698 әскери бөлімі.».