Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 1999 года N 1872

Қаулы · № 1035 · қабылданған 07.07.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-1999-n-1872-ekb-6366/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 1999 года N 1872 Қолданыста 07.07.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 1999 года N 1872

Қолданыста Қаулы № 1035 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 1999 года N 1872
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1035
Қабылданған күні
07.07.2000
Көрсетілген редакция
07.07.2000 AI6366_0.kaz
Соңғы өзгеріс
07.07.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001035_
ЭКБ идентификаторы
6366
Редакция идентификаторы
AI6366_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:22
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының 24-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

1) көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

IV. "Шығыстар" бөлiмiндегi:
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобының 4 "Балық шаруашылығы" iшкi функциясы 218 "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" әкiмшiсiнiң 50 "Балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу" бағдарламасы бойынша:
30 "Зайсан-Ертiс балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу су айдыны басқармасы 6800" және 31 "Iле-Балқаш балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу су айдыны басқармасы 7951" кiшi бағдарламалары мынадай редакцияда жазылсын: "30 Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Балқаш аймақтық мекемесi 14751";
32 кiшi бағдарламасында "Орал-Каспий балық қорларын қорғау және оларды ұтымды пайдалану жөнiндегi облысаралық су айдыны басқармасы 35234" деген сөздер "Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк Каспий аймақтық мекемесi 35234" деген сөздермен ауыстырылсын.

2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:

IV. "Шығыстар" бөлiмiндегi:
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобының 4 "Балық шаруашылығы" iшкi функциясы 218 "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" әкiмшiсiнiң 50 "Балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу" бағдарламасы бойынша:
30 "Зайсан-Ертiс балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу су айдыны басқармасы Ұстау" және 31 "Iле-Балқаш балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу су айдыны басқармасы Ұстау" кiшi бағдарламалары мынадай редакцияда жазылсын: "30 Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Балқаш аймақтық мекемесi Ұстау";
32 кiшi бағдарламасында "Орал-Каспий балық қорларын қорғау және
оларды ұтымды пайдалану жөнiндегi облысаралық су айдыны басқармасы Ұстау"
деген сөздер "Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк Каспий аймақтық
мекемесi Ұстау" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.