О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 1999 года № 1318 «О реализации Закона Республики Казахстан «Об амнистии в связи с Годом единства и преемственности поколений» в части адаптации амнистированных лиц»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 1999 года № 1318 «О реализации Закона Республики Казахстан «Об амнистии в связи с Годом единства и преемственности поколений» в части адаптации амнистированных лиц»
- Атауы (қаз.)
- «Кешірім жасалған тұлғалардың бейімделу бөлігінде ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты кешірім жасау» жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 1318 қаулысын жүзеге асыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 250
- Қабылданған күні
- 09.12.1999
- Көрсетілген редакция
- 09.12.1999 4925_258128.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99B000032_
- ЭКБ идентификаторы
- 4925
- Редакция идентификаторы
- 4925_258128
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:47
0 «Кешірім жасалған тұлғалардың бейімделу бөлігінде ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты кешірім жасау» жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 1318 қаулысын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
«Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты кешірім жасау жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес және "Кешірім жасалған тұлғалардың бейімделу бөлігінде Ұрпақтар бірлігі
мен сабақтастығы жылына байланысты кешірім жасау жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 1318 қаулысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Кешірім жасалған тұлғаларды еңбекке орналастыру және оларға тұрмыстық жағдай туғызу жөніндегі мәселелерді шешуге бақылау жасайтын комиссия құрамы бекітілсін (қосымша):
- қала және аудан әкімдері осы сияқты комиссиялар құрсын.
2. Облыстық ішкі істер басқармасы:
- кешірім жасауда босаған тұлғалардың тұрақты жерлеріне келуін тіркеу жөнінде шаралар қабылдансын, қажет болған жағдайда олардың төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын куәлік алуларына көмек көрсетсін;
- босатылған жасы кәмелетке толмағандарды ата-аналарының, қамқорлыққа алатын органдардың қадағалауына беруді қамтамасыз етсін.
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы туберкулезбен ауыратын кешірім жасалған тұлғаларды медициналық есепке алуды, оларды тексеруді және емдеуді қамтамасыз етсін.
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасы туыстары мен жақындары жоқ мүгедектер мен жастары ұлғайған тұлғаларды арнайы интернат үйлерінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Қала және аудан әкімдері жанындағы жасы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияларға жастары кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруға және оларға тұрмыстық жағдай жасауға көмек көрсету, қажет болған жағдайда жеткіншектерді балалар үйіне, мектеп интернаттарға жөне басқа оқу орындарына орналастыру тапсырылсын.
6. Осы шешімнің жүзеге асырылуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
7 Кешірім жасалған тұлғаларды еңбекке орналастыру және оларға тұрмыстық жағдай жасау жөніндегі мәселелерді шешуге бақылау жасайтын комиссия құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 9 желтоқсанындағы
№ 250 шешіміне қосымша
Кешірім жасалған тұлғаларды еңбекке орналастыру және оларға тұрмыстық жағдай жасау жөніндегі мәселелерді шешуге бақылау жасайтын комиссия құрамы
Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы
- облыс әкімінің орынбасары, төраға
Киколенко Ольга Андреевна
- облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы,төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері
Бақтыбаев
Ілияс Жақыпбекұлы
- Қостанай облысының прокуроры (келісім бойынша)
Ғалымжанов Едіге Молдахметұлы
- облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Жорабеков Серік Жорабекұлы
- облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
Фирстова
Лариса Владимировна
- облыс әкімінің аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы