О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 7 октября 1999 года № 1537 "О Национальном плане действий по решению проблемы соответствия информационных технологий 2000 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 7 октября 1999 года № 1537 "О Национальном плане действий по решению проблемы соответствия информационных технологий 2000 году"
- Атауы (қаз.)
- "Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешу жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1537 қаулысын жүзеге асыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 192
- Қабылданған күні
- 10.11.1999
- Көрсетілген редакция
- 10.11.1999 5265_265365.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.11.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99C0000356
- ЭКБ идентификаторы
- 5265
- Редакция идентификаторы
- 5265_265365
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:51
0 "Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешу жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1537 қаулысын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
"Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13-мамырдағы № 572 қаулысына сәйкес "Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешу жөніндегі іс-қимылдардың Ұлттық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1537 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақпараттық технологиялардың 2000 жылғы сәйкестігі проблемасын шешудің мәселелері жөніндегі облыстық Үйлестіру кеңесінің қоса жалғанған құрамы бекітілсін.
2. Келісім-шарт міндеттемелеріне және шығыстар сметасына сәйкес жұмыс органының қызметі "Программист" тұтынушылар кооперативіне (Б. Ж. Жуасов) жүктелсін.
3. Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешудің мәселелерін жоспарлау, ағымдағы бақылауын, есеп беруін және барлық меншіктегі кәсіпорындармен, ұйымдармен байланысын тәртіпке келтіруді ұйымдастыру облыстық экономика басқармасына (Н. К. Әбдібеков) жүктелсін.
4. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (А. Рсалин) Ү2К проблемасы мен облыстағы іс-қимылдар Ұлттық жоспарының жүзеге асыру барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кең ауқымда көрсетуді ұйымдастырсын.
5. Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешу жөніндегі іс-қимылдар Ұлттық жоспарының шараларың орындауда Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдеріне, облыстық басқармалар және комитеттердің басшыларына жекелей жауапкершілік жүктелсін.
6. Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері 1999 жылдың 19-қарашасына дейін меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қатыстыру арқылы ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемаларын шешу жөніндегі дербес іс-шараларын жасап, облыстық Үйлестіру кеңесіне ұсынсын.
7. Облыстық қаржы басқармасы /Б. Е. Жантеміров/ ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемаларын шешу жөніндегі: облыстық Үйлестіру кеңесінің жұмысшы органына шығыстар сметасына сәйкес қаржы бөлсін.
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.
9 Облыс әкімінің 1999 жылғы
10 қарашадағы
№ 192 шешімімен бекітілген
Ақпараттық технологиялардың 2000 жылғы сәйкестігі проблемаларын шешудің мәселелері жөніндегі облыстық ұйымдастыру Кеңесінің құрамы
1.
Супрун Виктор Васильевич
- облыс әкімінің бірінші орынбасары, кеңес төрағасы
Әлеуметтік салаларды дайындау тобы
1.
Есіркепов Аманкелді Қабашұлы
- облыс әкімінің орынбасары, төраға орынбасары, топ жетекшісі
2.
Алдашев Жұмамұрат Ердәулетұлы
- облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
3.
Есенбаев Есімхан Қалмағамбетұлы
- облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау
басқармасының бастығы
4.
Құдайбергенов Аманғали Алхатұлы
- облыстық білім басқармасының бастығы
5. -
Отаров Қайрат Орынбасарұлы
- зейнетақы төлеу орталығы облыстық бөлімшесінің директоры
Өндіріс, көлік және қаржы салаларын дайындау тобы
1.
Әбдібеков Нұрмұхамбет Канапияұлы
- облыстық экономика басқармасының бастығы, төраға орынбасары, топ жетекшісі
2.
Өлмұрзаев Бауыржан Бақытқалиұлы
- Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры
3.
Бекмұхамбетов Айбол Әнуарұлы
- "Халықаралық әуежай Ақтөбе" ААҚ президенті
4.
Гриненко Валерий Иванович
- "Феррохром" АҚ бас директоры
5.
Жандәулетов Жұмабай Шамқатұлы
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі облыстық басқармасының бастығы
6.
Мұқаев Амандық Дүйсенғалиұлы
- облыстық статистика басқармасының бастығы
7.
Серікбаев Мәлік Абдоллаұлы
- "Ақтөбеэнерго" ААҚ президенті
8.
Үсімбеков Кенжехан Үсімбекұлы
-"Қазақстан Темір Жолы" РМК Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің директоры
9.
Химич Алексей Андреевич
- "АЗХС" АҚ президенті
Мемлекеттік мекемелерді дайындау тобы
1.
Исмаилов Мәди Аманкелдіұлы
- облыс әкімі аппаратының басшысы, топ жетекшісі
2.
Жантеміров Бауыржан Ересұлы
- облыстық қаржы басқармасының бастығы
3.
Имантаев Ермек Жетпісбайұлы
- Ақтөбе облысы бойынша салық комитетінің төрағасы
4.
Картов Әлібек Намимұлы
- Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасының бастығы
5.
Нарсеева Людмила Витальевна
- облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы
Ақпараттық қолдау тобы
1.
Рсалин Аманбай Рсалыұлы
- облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, топ жетекшісі
2.
Брязгалов Юрий Андреевич
- облыстық " Актюбинский вестник" газетінің бас редакторы
3.
Идош Асқар Мұсақұлұлы
- облыстық "Актөбе" газетінің бас редакторы
4.
Қалиев Еркеш Адиетұлы
- облыстық телерадиокомпаниясының
төрағасы