Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан об условиях взаимных поездок граждан от 7 июля 2000 года

Заң · № 281-V · қабылданған 28.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2000-ekb-86207/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан об условиях взаимных поездок граждан от 7 июля 2000 года Қолданыста Заң ·№ 281-V ·28.01.2015
28.01.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан об условиях взаимных поездок граждан от 7 июля 2000 года

Қолданыста Заң ·№ 281-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан об условиях взаимных поездок граждан от 7 июля 2000 года
Атауы (қаз.)
2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
281-V
Қабылданған күні
28.01.2015
Көрсетілген редакция
28.01.2015 AI86207_0.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1500000281
ЭКБ идентификаторы
86207
Редакция идентификаторы
AI86207_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:52

0 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2012 жылғы 7 қыркүйекте Астанада жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 15-бабына сәйкес
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Тараптар мемлекеттерінің аумағына келуге, кетуге, транзитпен өтуге, уақытша болуға құқық беретін жарамды құжаттарға осы Хаттамаға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттар жатады.
Осы Хаттамаға 1 және 2-қосымшалар Келісімге 1 және 2-қосымшаларды алмастырады.

2 2-бап

Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Келісімнің 17-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. Осы Хаттама Келісіммен бір уақытта қолданысын тоқтатады.
2012 жылғы 7 қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

1 Қазақстан Республикасы азаматтарының Өзбекстан Республикасының аумағы бойынша келуі, кетуі, транзитпен өтуі, уақытша болуы үшін құжаттардың ТІЗБЕСІ

2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға
1-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының Өзбекстан Республикасының аумағы бойынша келуі, кетуі, транзитпен өтуі, уақытша болуы үшін құжаттардың
ТІЗБЕСІ

1 1. Қазақстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты.

2 2. Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты.

3 3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.

4 4. Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпарат

тасымалдағышы бар паспорты.

5 5. Әуе кемесінің экипажы мүшесінің куәлігі (экипаждың құрамында жүруі кезінде).

6 6. Қазақстан Республикасына оралу үшін куәлік (Қазақстан Республикасына оралу үшін үшін ғана).

7 7. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.

2 Өзбекстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша келуі, кетуі, транзитпен өтуі, уақытша болуы үшін құжаттардың ТІЗБЕСІ

2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға
2-қосымша
Өзбекстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша келуі, кетуі, транзитпен өтуі, уақытша болуы үшін құжаттардың
ТІЗБЕСІ

1 1. Өзбекстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты (биометриялық үлгіде).

2 2. Өзбекстан Республикасы азаматының дипломаттық паспорты (биометриялық үлгідегі емес - 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін).

3 3. Өзбекстан Республикасы азаматының паспорты (биометриялық үлгіде).

4 4. Өзбекстан Республикасы азаматының паспорты (биометриялық үлгідегі емес - 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін).

5 5. 16 жасқа толмаған Өзбекстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (кәмелетке толмаған азаматтар үшін жол жүру құжаты - 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін).

6 6. Өзбекстан Республикасына оралу үшін сертификат (Өзбекстан Республикасына оралу үшін ғана).

7 7. Әуе кемесінің экипажы мүшесінің куәлігі (экипаждың құрамында жүруі кезінде).

8 8. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.

Қолданыстағы