Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 июля 2000 года N 178 "О некоторых вопросах элитного семеноводства", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1236

Бұйрық · № 236 · қабылданған 28.04.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2000-n-178-n-1236/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 июля 2000 года N 178 "О некоторых вопросах элитного семеноводства", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1236 Күшін жойған Бұйрық ·№ 236 ·28.04.2003
12.09.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 июля 2000 года N 178 "О некоторых вопросах элитного семеноводства", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1236

Күшін жойған Бұйрық ·№ 236 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 7 июля 2000 года N 178 "О некоторых вопросах элитного семеноводства", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1236
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1236 тіркелген "Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
236
Қабылданған күні
28.04.2003
Көрсетілген редакция
12.09.2008 AI15317_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002265_
ЭКБ идентификаторы
15317
Редакция идентификаторы
AI15317_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:25

0 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1236 тіркелген "Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметімен байланысты кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704 және "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы" 2003 жылғы 21 наурыздағы N 288 қаулыларына сәйкес, элиталық тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті одан әрі ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы N 336 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1693 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 3)-тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
осы бұйрықпен бекітілген Элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларды аттестаттау ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"3. Заңды және жеке тұлғаларды аттестаттауды олардың өтініштері негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен құрылған сараптамалық комиссия жүзеге асырады.";
4-тармақ алынып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"5. Элиттұқшарды аттестаттау нәтижесі бойынша сараптамалық комиссияның қорытындысы беріледі.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қайта аттестаттау осы Ережеде бекітілген аттестаттау кезінде элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесін алуға үміткер заңды және жеке тұлғаларға арналған талаптарға сәйкес жүргізіледі";
10-1-тармақта "зерттеу" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
10-2-тармақта "ведомствоаралық" деген сөз алынып тасталсын;
12-тармақта "ведомствоаралық" деген сөз алынып тасталсын;
13-тармақта "ведомствоаралық" деген сөз алынып тасталсын;
14-тармақта "ведомствоаралық" деген сөз алынып тасталсын;
Элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларды аттестаттау ережесіне 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда баяндалсын;
Элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларды аттестаттау ережесіне 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда баяндалсын.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Егіншілік департаментіне (Евниев А.Қ.) жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.

Бұйрықты ұсынушы:
Егіншілік департаменті
Бұйрыққа бұрыштама қоюшылар:
Вице-Министр
Вице-Министр
Құқық және ұйымдастыру
жұмыстары департаменті
Құқық және кадр
жұмыстары басқармасы

1 Элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесін алуға үміткер заңды және жеке тұлғаларға қойылатын ең төмен талаптар

"Элиталық тұқым шаруашылығының
кейбір мәселелері туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығына
1-қосымша
Элиталық тұқым шаруашылығы саласында
қызмет атқаратын заңды және жеке
тұлғаларды аттестаттау ережесіне
1-қосымша
Элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесін алуға үміткер заңды және жеке тұлғаларға қойылатын ең төмен талаптар
------------------------------------------------------------------
Негізгі өлшемдер            ! Ең төмен көрсеткіштер
------------------------------------------------------------------
Егістік жер құрылымындағы сүрі жерлердің      20-дан төмен емес
соңғы үш жылдағы алқабы (суармалы
жерлерге талаптар жүрмейді;
астықты-отамалы дақылды ауыспалы
егістерде сүрі жерлерді көпжылдық
шөптердің қыртысымен ауыстыруға болады),
%
Айналым саны бар енгізілген және                      1
игерілген тұқымдық ауыспалы егістердің
бар болуы, кем емес
Жалпы егіс алқабындағы тұқымдық егістің         25-ден кем емес
жеке салмағы, %
Соңғы үш жыл ішіндегі өнімділік, Ц/га           орташа облыс
бойыншадағыдан жоғары
Тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс                 4-тен кем емес
тәжірибесі, жыл
Қызметінің негізгі түрінің (элиталық           25-тен кем емес
тұқым шаруашылығы) жалпы өндіріс
көлеміндегі жеке салмағы, %
Тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін        4-тен көп емес
дақылдардың саны
Әр дақыл бойынша аттестаттау мәніне
сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін           3-тен көп емес сорттардың саны
Сақтандыру қорының болуы, суперэлитаны
егуге қажеттіктен %:
алғашқы бөлімшелердің                     100
суперэлитаның                             50
------------------------------------------------------------------

2 Заңды және жеке тұлғаның элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін зерттеудің 2003 жылғы "___" _________ N ____ АКТІСІ

"Элиталық тұқым шаруашылығының
кейбір мәселелері туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығына
2-қосымша
Элиталық тұқым шаруашылығы саласында
қызмет атқаратын заңды және жеке
тұлғаларды аттестаттау ережесіне
2-қосымша
Заңды және жеке тұлғаның элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін зерттеудің 2003 жылғы "___" _________ N ____ АКТІСІ
___________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
облыстық аумақтық басқармасының атауы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Ф.А.Ә.)
_________________________________________________________________
(дақылдардың, сорттардың атауы)
элиталық тұқымын өндіру және сату жөніндегі элиталық тұқым өндіруші
шаруашылық мәртебесіне сәйкестігін зерттеу нәтижелері туралы осы
актіні жасады.
Зерттеу нәтижесінде белгілі болғаны:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қорытынды:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қолдар:
АШМ облаумбасқармасы бастығы             Ф.А.Ә., қолы, мөрі
АШМ облаумбасқармасы тұқым инспекторы    Ф.А.Ә., қолы

Қолданыстағы