О внесении дополнений в решение акима области от 7 июля 2000 года № 160 "Об областной комиссии по защите отечественных товаропроизводителей и внутреннего рынка"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение акима области от 7 июля 2000 года № 160 "Об областной комиссии по защите отечественных товаропроизводителей и внутреннего рынка"
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 7 шiлдедегi "Отандық тауар өндiрушiлер мен iшкi рынокты қорғау жөнiндегi облыстық комиссия туралы" № 160 шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 258
- Қабылданған күні
- 23.11.2000
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2009 AI7708_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00P000526_
- ЭКБ идентификаторы
- 7708
- Редакция идентификаторы
- AI7708_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:09
0 Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 7 шiлдедегi "Отандық тауар өндiрушiлер мен iшкi рынокты қорғау жөнiндегi облыстық комиссия туралы" № 160 шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" № 337-1 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 қыркүйектегi "Қорғау, өтем немесе демпингке қарсы шараларды енгiзу алдындағы анықтауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы" № 1374 қаулысына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 7 шiлдедегi "Отандық тауар өндiрушiлер мен iшкi рынокты қорғау жөнiндегi облыстық комиссия туралы" № 160 шешiмiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған шешiммен бекiтiлген отандық тауар өндiрушiлер мен iшкi рынокты қорғау жөнiндегi облыстық комиссия туралы Ережеге:
8-тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Облыс кәсiпорындары шығаратын тауарларға қатысты талқылауға ынталылық бiлдiру жөнiндегi дайындық жұмыстарын ұйымдастырудағы атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру";
18-тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң демпингке қарсы бақылау жөнiндегi Комитетiне облыста шығарылатын товарларға қатысты талқылау жүргiзуде, қорғаныс шараларының iшкi рынок бәсекесiне тигiзетiн ықпалының салдары туралы қорытынды дайындауда көмек көрсетедi";
22-тармақ "және қорытынды беретiн басқа мамандарды" сөздерiнен кейiн, "сондай-ақ облыс кәсiпорындары шығаратын товарларға қатысты талқылау шараларын өткiзу үшiн қажеттi ақпарат дайындау" сөздерiмен толықтырылсын.