О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 7 августа 2001 года № 48/5 "Об утверждении правил передачи в имущественный наем имущества, находящегося в хозяйственном ведении или оперативном ведении или оперативном управлении коммунальных государственных предприятий"(НГР 888 от 26 сентября 2001 года).
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 7 августа 2001 года № 48/5 "Об утверждении правил передачи в имущественный наем имущества, находящегося в хозяйственном ведении или оперативном ведении или оперативном управлении коммунальных государственных предприятий"(НГР 888 от 26 сентября 2001 года).
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 7 тамыздағы "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға беру ережелерін бекіту туралы" № 48/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2001 жылғы 26 қыркүйектегі МТН 888)
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 208/9
- Қабылданған күні
- 23.09.2003
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2008 AI23838_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03P0002068
- ЭКБ идентификаторы
- 23838
- Редакция идентификаторы
- AI23838_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:56
0 Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 7 тамыздағы "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға беру ережелерін бекіту туралы" № 48/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2001 жылғы 26 қыркүйектегі МТН 888)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 67
қаулысына
сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 7 тамыздағы "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға беру ережелерін бекіту туралы" № 48/5
қаулысына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға беру ережелеріндегі:
3-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді, соның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру, мына жағдайлардан басқа, тендерлік негізде жүзеге асырылады:
1 1) облыс әкімдігінің жекелеген қаулылары негізінде жүзеге асырылатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық маңыздағы объектілерін мүліктік жалға беру;
2
2) алаңы 100 ш.м., орындарды, баланстық құны төменгі есептік көрсеткішінен 150-еседен аспайтын құралдар мен оқу орындарын, спорттық мекемелерді, мәдени және бос уақытты өткізу ұйымдарын, сондай-ақ ғылыми ұйымдарды мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша уәкілетті органның жазбаша келісімімен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер мен спорттық іс-шаралар өткізу үшін көп дегенде бір ай мерзімге беру."
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Жалға алған мүлікті пайдаланғаны үшін ақшалай ақы төленеді.
Жалдау ақысының есептік мөлшері аймақтық жағдайларды ескере отырып анықталады және уәкілетті органның келісімі бойынша жалға беруші бекітеді."
6-тармақтың екінші азат жолындағы "уәкілетті органның келісуімен" деген сөздер "мемлекеттік басқару органымен келістіргеннен кейін және уәкілетті органның жазбаша келісімінен кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тендерлік комиссия жалға берушінің және уәкілетті органның өкілдерінен құралады. Тендерлік комиссияның құрамына сондай-ақ жалға берушінің мемлекеттік басқару органының өкілдері және өзге де мүдделі ұйымдар қосылуы мүмкін."
16-тармақтың 2) тармақшасы "және жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі көлемінде (осы Ереженің 3-1 тармағына сәйкес жалға беруші бекіткен есептік көрсеткіштен кем болмайтын);" деген сөздермен толықтырылсын;
28-тармақ "бір өтінімнен" деген сөздерден кейін "(екінші және кейінгі тендерлерді есепке алмағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
46-тармақта "мен уәкілетті органға" деген сөздер "және мемлекеттік басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын.