Құжат мәтініне өту

О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Соглашение о правовом статусе Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года

Заң · № 317-VI · қабылданған 17.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2002-ekb-141965/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Соглашение о правовом статусе Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года Қолданыста Заң ·№ 317-VI ·17.04.2020
17.04.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Соглашение о правовом статусе Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года

Қолданыста Заң ·№ 317-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Соглашение о правовом статусе Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года
Атауы (қаз.)
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
317-VI
Қабылданған күні
17.04.2020
Көрсетілген редакция
17.04.2020 141965_488310.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2000000317
ЭКБ идентификаторы
141965
Редакция идентификаторы
141965_488310
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:54

0 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші

хаттаманы ратификациялау туралы
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 8 қарашада Астанада жасалған екінші хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Бейресми аударма
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ЕКІНШІ ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы қызметінің тиімділігін арттыруға ұмтыла отырып,
Ұйымның тұрақты жұмыс істеп тұрған жұмыс органдары қызметінің қажетті жағдайларын қамтамасыз етудің маңыздылығын ұғына отырып,
1961 жылгы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын назарға ала отырып,
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысын негізге ала отырып,
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 49-бабына сәйкес,
төмендегілер туралы уағдаласты:

1 1. Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.1 1.1. 1-бапта:

а а) жетінші және сегізінші абзацтар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"мүше мемлекеттердің өкілдері" - мүше мемлекеттердің Ұйым жанындағы Тұрақты және Өкілетті Өкілдерін қоспағанда, Ұйым шеңберінде өткізілетін іс-шараларға қатысатын делегациялардың басшылары мен мүшелерін қоса алғанда, Ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері;
"Ұйым жанындағы Тұрақты және Өкілетті Өкіл" (бұдан әрі - Тұрақты өкіл) - Ұйымға мүше мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес тағайындайтын, Ұйым мәселелері жөніндегі қызмет және Ұйым Жарғысының IV тарауына сәйкес құрылған Тұрақты кеңестегі жұмыс үшін өзін жіберген мемлекет қажетті өкілеттіктер берген өкіл;";

б б) мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:

"Бас хатшының орынбасары" - Ұйымның жоғарғы әкімшілік лауазымды адамының орынбасары, тізбесін Кеңес айқындайтын, Хатшылықтағы лауазымдарға әрбір мүше мемлекетке бекітіп берілген квоталарға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілетін адамдар қатарындағы лауазымды адам;";

в в) он сегізінші - жиырма бірінші абзацтар тиісінше он тоғызыншы - жиырма екінші абзацтар деп саналсын;

г г) "Өкілетті өкіл" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "Тұрақты өкіл" деген сөздермен ауыстырылсын.

1.2 "11-бап

1.2. 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап
Егер Бас хатшы, Бас хатшының орынбасарлары, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері болу мемлекетінің азаматтары болмаса, олар 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында дипломатиялық агент және оның отбасы мүшелері үшін көзделген көлемде артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.";

1.3 1.3. 211-бап "Ұйымның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің" деген сөздерден кейін "(осы Келісімнің 11-бабында көрсетілгендерді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

1.4 1.4. 23, 24, 27-33-баптардағы "Өкілетті өкіл" деген сөздер тиісті түрдегі және септіктегі "Тұрақты өкіл" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы Хаттаманы қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі.

3 3. Осы Хаттама Келісімнің 46-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. Тараптардың әрқайсысы депозитарийді бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып, осы Хаттаманы уақытша қолданатыны туралы мәлімдей алады.

2018 жылғы 8 қарашада Астана қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Екінші хаттаманың орыс тіліндегі мәтіні мен қазақ тіліндегі аудармасының теңтүпнұсқалы екенін куәландырамын.

Қолданыстағы