Құжат мәтініне өту

О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Устав Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года

Заң · № 318-VI · қабылданған 17.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2002-ekb-141968/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Устав Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года Қолданыста Заң ·№ 318-VI ·17.04.2020
17.04.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Устав Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года

Қолданыста Заң ·№ 318-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Второго протокола о внесении изменений в Устав Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года
Атауы (қаз.)
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
318-VI
Қабылданған күні
17.04.2020
Көрсетілген редакция
17.04.2020 141968_485246.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2000000318
ЭКБ идентификаторы
141968
Редакция идентификаторы
141968_485246
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:54

0 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы

ратификациялау туралы
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 8 қарашада Астанада жасалған екінші хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Бейресми аударма
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы
ЕКІНШІ ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) 27-бабына сәйкес
төмендегілер туралы уағдаласты:

1 1. Жарғының 13-бабына мынадай өзгерістер енгізілсін:

а а) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Кеңестің құрамына мүше мемлекеттердің басшылары не, егер оларға өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген болса, мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кіреді.";

б б) алтыншы абзацтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

"Егер Кеңес өзгеше шешім қабылдамаса, онда аумағында Кеңестің кезекті сессиясы өтетін мемлекет атынан өкілдік ететін Кеңестің мүшесі Кеңестің Төрағасы (бұдан әрі - Төраға) болып табылады.";

2 2. Осы Хаттама Жарғының 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

2018 жылғы 8 қарашада Астана қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы Екінші хаттаманың орыс тіліндегі мәтіні мен қазақ тіліндегі аудармасының теңтүпнұсқалы екенін куәландырамын.

Қолданыстағы