Құжат мәтініне өту

О ратификации Третьего протокола о внесении изменений в Устав Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года

Заң · № 319-VI · қабылданған 17.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2002-ekb-141969/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Третьего протокола о внесении изменений в Устав Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года Қолданыста Заң ·№ 319-VI ·17.04.2020
17.04.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Третьего протокола о внесении изменений в Устав Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года

Қолданыста Заң ·№ 319-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Третьего протокола о внесении изменений в Устав Организации Договора о коллективной безопасности от 7 октября 2002 года
Атауы (қаз.)
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
319-VI
Қабылданған күні
17.04.2020
Көрсетілген редакция
17.04.2020 141969_485627.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2000000319
ЭКБ идентификаторы
141969
Редакция идентификаторы
141969_485627
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:54

0 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы

ратификациялау туралы
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 8 қарашада Астанада жасалған үшінші хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттаманың жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Бейресми аударма
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы
ҮШІНШІ ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы (бұдан әрі - Ұйым) қызметінің тиімділігін арттыруға ниет білдіре отырып,
Ұйымға мүше болып табылмайтын мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтыла отырып,
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) 27-бабына сәйкес
төмендегілер туралы уағдаласты:

1 "VII тарау Байқаушылар мен Әріптестер

1. VII тарау мынадай редакцияда жазылып, Жарғыға өзгерістер енгізілсін:
"VII тарау Байқаушылар мен Әріптестер
21-бап
Ұйымның ашық нормативтік құқықтық базасын, қызмет тәжірибесі мен практикасын зерделеуге қызығушылық танытатын Ұйымға мүше болып табылмайтын мемлекеттер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар Ұйымның практикалық іс-шараларына қатысу туралы міндеттемелер қабылдамастан, Ұйым жанындағы Байқаушы мәртебесін ала алады.
Ұйымның Байқаушысы мәртебесі, оны алу және тоқтату тәртібі Кеңес бекітетін тиісті ережемен айқындалады.
211-бап
Ұйымның мақсаты мен қағидаттарын жақтайтын, өзара қызығушылық тудыратын салаларда Ұйыммен өзара тиімді ынтымақтастық қатынасын орнату мен дамытуды қалайтын, Ұйымға мүше болып табылмайтын мемлекеттер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар Ұйымның практикалық іс-шараларына қатысу бойынша міндеттемелер қабылдап, Ұйымның Әріптесі мәртебесін ала алады.
Ұйымның Әріптесі мәртебесі, оны алу және тоқтату тәртібі Кеңес бекітетін тиісті ережемен айқындалады.".

2 2. Осы Хаттама Жарғының 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

2018 жылғы 8 қарашада Астана қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Беларусь Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Қазақстан Республикасы үшін
Тәжікстан Республикасы үшін
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы Үшінші хаттаманың орыс тіліндегі мәтіні мен қазақ тіліндегі аудармасының теңтүпнұсқалы екенін куәландырамын.
ҚР СІМ Әкімшілік жұмыс және бақылаудепартаментінің Мемлекеттік тілбасқармасының бірінші хатшысы
А.Бекбосынов

Қолданыстағы