Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о сотрудничестве государств-участников Содружества Независимых Государств в вопросах возвращения несовершеннолетних в государства их постоянного проживания от 7 октября 2002 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Протокола о внесении изменений в Соглашение о сотрудничестве государств-участников Содружества Независимых Государств в вопросах возвращения несовершеннолетних в государства их постоянного проживания от 7 октября 2002 года
- Атауы (қаз.)
- 2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 826
- Қабылданған күні
- 15.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2015 99144_111613.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000826
- ЭКБ идентификаторы
- 99144
- Редакция идентификаторы
- 99144_111613
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:02
0 2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 30 мамырда Минскіде жасалған 2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттеріне қайтару мәселелеріндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 15 қазандағы
№ 826 қаулысымен
бекітілген
2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастықты жалғастырудағы мүдделілікті ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
2002 жылғы 7 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмнің 17-бабының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Тараптар өзгеше шешім қабылдамаса, осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады».
2 2-бап
Осы Хаттама 2014 жылғы 10 маусымнан бастап уақытша қолданылады және оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарлама депозитарийге сақтауға берілген күнінен бастап күшіне енеді. Қажетті рәсімдерді кейінірек орындаған Тараптар үшін Хаттама тиісті құжаттарды депозитарийге тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.
2014 жылғы 30 мамырда Минск қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әр мемлекетке жіберетін Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін
Армения Республикасының Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін
Түрікменстанның Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін
Украина Үкіметі үшін
Молдова Республикасының Үкіметі үшін