О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 7 мая 2003 года № 187 "О таможенном контроле в рамках отдельных таможенных режимов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 7 мая 2003 года № 187 "О таможенном контроле в рамках отдельных таможенных режимов"
- Атауы (қаз.)
- "Жекелеген кедендік режимдер шеңберіндегі кедендік бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 310
- Қабылданған күні
- 17.08.2005
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2010 AI25175_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003821_
- ЭКБ идентификаторы
- 25175
- Редакция идентификаторы
- AI25175_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:27
0 "Жекелеген кедендік режимдер шеңберіндегі кедендік бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 236 және 242-баптарына сәйкес, арнайы экономикалық аймақ аумағына әкелінетін тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік заңнамаларға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Жекелеген кедендік режимдер шеңберіндегі кедендік бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2272 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 16 тамызда N 33 (138) болып жарияланған) 2003 жылғы 7 мамырдағы N 187 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
барлық мәтін бойынша "Агенттік" деген сөз "Комитет" деген сөзбен ауыстырылсын, "кедендік бақылау" деген сөздерден кейін "Қаржы министрлігі" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.";
аталған бұйрықпен бекітілген Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік режимінде кедендік ресімдеу ережесі:
6-тармақта және одан әрі мәтін бойынша "Астана - жаңа қала" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақта:
бірінші абзацта "ЕЭА туралы ережеде көзделген жеңілдіктерді алмастан," деген сөздер алынып тасталсын;
жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Декларациялаудың оңайлатылған нысанын қолдана отырып ЕЭА аумағына бұрын әкелінген тауарларды ЕКА кедендік режимімен орналастыруға ЕЭА туралы ережеде көзделген жеңілдіктерді алу үшін қажетті талаптарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес есепті тоқсан ішінде жол беріледі.";
11-тармақ алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасы заңдылықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, кеден органы Кеден кодексінің 441-бабында көзделген кедендік бақылаудың нысандарын қолдануға, сондай-ақ Кеден кодексінің 432-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар".