Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 декабря 2004 года № 286-п "Об утверждении Правил разработки индивидуальной программы реабилитации инвалида"

Бұйрық · № 157-п · қабылданған 03.07.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2004-no-286-ekb-29001/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 декабря 2004 года № 286-п "Об утверждении Правил разработки индивидуальной программы реабилитации инвалида" Күшін жойған Бұйрық ·№ 157-п ·03.07.2006
18.04.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 декабря 2004 года № 286-п "Об утверждении Правил разработки индивидуальной программы реабилитации инвалида"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 157-п · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 декабря 2004 года № 286-п "Об утверждении Правил разработки индивидуальной программы реабилитации инвалида"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
157-п
Қабылданған күні
03.07.2006
Көрсетілген редакция
18.04.2011 AI29001_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004310_
ЭКБ идентификаторы
29001
Редакция идентификаторы
AI29001_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:12

0 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы"»2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 286-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мүгедектерді оңалтуды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің»"Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 286-ө бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3317 тіркелген, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4075 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурыздағы N 42-43 (1022-1023) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
1-тармақта:
"2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер ", Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта мынадай редакцияда жазылсын:
"3. ОЖБ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) медициналық ұйымдардың, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің, және оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерін тарта отырып (қажет болған жағдайда) мүгедек куәландырылған күннен бастап бір айдың ішінде әзірлейді.
Мүгедектік қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайларда ОЖБ мынадай құжаттардың негізінде әзірленеді:
оңалтудың медициналық, кәсіптік бөліктерін, санаторлық-курорттық емдеуді, жеке басының негізгі әлеуметтік дағдыларына, өзіне өзі қызмет көрсетуге, жүріп-тұруға, қарым-қатынасқа үйретуді жүргізу үшін медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы, мүгедектігін растайтын анықтамасы, жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның көшірмесі;
үйде, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үшін ресімделген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей берілген медициналық картасы, мүгедектігін растайтын анықтамасы, жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның көшірмесі;
протездік-ортопедиялық көмек, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету үшін, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін мүгедектігін растайтын анықтамасы немесе медициналық-әлеуметтік сараптама актісі, жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның көшірмесі;
ОЖБ мүгедектік белгіленген мерзімге әзірленеді.";
4-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
2) оңалту іс-шараларының түрлерін, шарттарын, көлемі мен орындау мерзімдерін айқындау.";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Клиникалық болжам - клиникалық-функционалдық деректер талдауына, аурудың этиология, патогенез және ағымының ерекшеліктеріне, тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соқтырған жарақаттар мен кемістіктер салдарына, тиімді емдеу мүмкіндіктеріне негізделген аурудың, жарақаттар мен кемістіктердің даму және аяқталу болжамы.";
жетінші абзацтағы "аурудың, жарақаттың немесе мертігудің салдарынан" деген сөздер алынып тасталсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2) біршама қолайлы - аурудың, жарақаттың немесе кемістіктің қалған белгілері бар толық емделмеу, ағзаның бұзылған функцияларының және тіршілік әрекеті шектелуінің бәсеңдеуі, тұрақтануы немесе ішінара орны толтырылуы;";
тоғызыншы абзацтағы "аурудың, жарақаттың немесе мертігудің салдарынан" деген сөздер алынып тасталсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"4) күмәнді - аурудың, жарақаттану немесе кемістік салдарларының түсініксіз ағымы.";
он төртінші абзацтағы "ағза функцияларының шамалы білініп бұзылуымен толығымен сауықпау" деген сөздер "шамалы білініп бұзылуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесінші абзацтағы "созылмалы аурудың баяу дамуы" деген сөздер алынып тасталсын;
он алтыншы абзацтағы "ауру ағымының үдеуі" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. ОЖБ:
ОЖБ картасынан (1-қосымша);
ОЖБ картасынан үзінді көшірмесінен (2-қосымша);
оңалтудың медициналық бөлігінен (3-қосымша);
оңалтудың әлеуметтік бөлігінен (4-қосымша);
оңалтудың кәсіптік бөлігінен (5-қосымша) тұрады.
Оңалтудың медициналық және/немесе әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөліктері жүргізілген оңалту-сараптамалық диагностиканың нәтижелеріне және мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырған, организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығының бұзылуы салдарынан туындаған мүгедектің тыныс-тіршілігі шектелуінің толық немесе ішінара орнын толтыруға бағытталған оңалту іс-шараларының нақты түрлерін тағайындауға деген сұранымына қарай әзірленеді.";
6-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Оңалтудың медициналық, әлеуметтік, кәсіптік бөлігінің тіркеу нөмірлері ОЖБ картасының тіркеу нөміріне сәйкес болуға тиіс.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. "Оңалтудың медициналық бөлігі медициналық ұйымдардың медициналық-әлеуметтік сараптамаға N 088у нысаны бойынша жолдамасында көрсетілген оңалту іс-шаралары жоспарының негізінде, ал мүгедектігі қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген адамдарға медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысында көрсетілген ұйғарымдардың негізінде әзірленеді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Оңалтудың әлеуметтік бөлігі жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасы нәтижелерінің, мүгедектің әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүру жағдайларын зерттеу негізінде әзірленеді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Оңалтудың кәсіптік бөлігі жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасы нәтижелерінің негізінде әзірленеді. Мүгедек балалар үшін олардың психикалық жай-күйі, интеллектуалдық даму ерекшеліктерін, ойын әрекетіне, білім алуға, қарым-қатынасқа, еңбек қызметі дағдыларын игеруге және орындауға ықтимал мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.";
11-тармақтағы "мүгедек (немесе оның заңды өкілі) қол қойып," деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"ОЖБ үзінді көшірме мүгедекке (немесе оның заңды өкіліне) беріледі.";
13-тармақтағы "мүгедектің ОЖБ" деген сөз "оңалту" деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Оңалтудың медициналық бөлігін денсаулық сақтау ұйымдары мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
17. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
18. Оңалтудың кәсіптік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, сондай-ақ білім беру қызметімен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен алған лицензия негізінде айналысатын ұйымдар жүргізеді.
19. Оңалтудың жүргізілген медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінің тиімділігін бағалауды аумақтық бөлімше мүгедекті кезекті қайта куәландыру кезінде немесе оны динамикалық қадағалау тәртібімен жүзеге асырады.
20. ОЖБ уақытында түзету үшін және одан арғы оңалту шараларын әзірлеу аумақтық бөлімше динамикалық қадағалауды ұйымдастырады, ол үшін мүгедектің аумақтық бөлімшеде болуының бақылау мерзімдерін айқындайды.
ОЖБ іске асырылуын динамикалық қадағалау мерзімдері тағайындалған оңалту іс-шараларының аяқталу күнімен айқындалады.
21. Кез келген оңалту іс-шараларының орындалмау себебіне қарай, айғақтамалар болған кезде, аумақтық бөлімше оңалтудың медициналық және/немесе әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөлігі бойынша қосымша іс-шараларды әзірлейді немесе оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізудің қажеттігі мен тиімділігі туралы мәселені шешеді.
22. Жүргізілген оңалту іс-шараларының аяқталуына орай оңалтудың медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін ОЖБ орындалуына жауапты ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің басшысы қолын қояды, мөртаңбалармен расталады және көрсетілген іске асыру мерзіміне дейін бір айдан кешіктірмей аумақтық бөлімшеге қайтарылады.";
мынадай мазмұндағы 23, 24-тармақтармен толықтырылсын:
"23. ОЖБ іске асыру жөніндегі қорытындыны аумақтық бөлімше кезекті куәландыру кезіндегі алқалық талқылаудан кейін, оңалтудың медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін іске асыру тиімділігін бағалау негізінде шығарады, оны аумақтық бөлімшенің бастығы бекітеді, куәландыруға арналған мөртабанмен расталады.
24. ОЖБ іске асырылуын бақылауды аумақтық бөлімше жүзеге асырады.";
Ережеге 1, 2, 3, 4, 5-қосымшалар осы бұйрыққа қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Әлеуметтік нормативтер және мүгедектерді оңалту департаментінің директоры Қ.А.Манабаева осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.Б.Дүйсеноваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
7 шілде 2006 ж.
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
8 шілде 2006 ж.

1 Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасы (ОЖБ) (аумақтық бөлімше маманы толтырады)

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2006 жылғы 3 шілдедегі
N 157-Ө бұйрығына
1-қосымша
Мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеу
ережесіне 1-қосымша
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасы (ОЖБ)
(аумақтық бөлімше маманы толтырады)
200 _ жылғы " ___" ___________ N ______ медициналық-әлеуметтік
сараптама актісіне N ____
1. Т.А.Ә. __________________________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні____________________________________________
3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (астын сызу)
4. ОЖБ әзірлеу күні ________________________________________________
5. Клиникалық болжам: қолайлы, біршама қолайлы, күдікті (астын сызу)
6. Оңалту әлеуеті: жоғары, қанағаттанарлық, төмен (астын сызу)
7. Оңалту болжамы: қолайлы, біршама қолайлы, күдікті (астын сызу)
8. Оңалту-сараптама қорытындысы (оңалту іс-шараларын жүргізуге
мүгедектің мұқтаждығы туралы)
____________________________________________________________________
9. Іске асыру мерзімдері: медициналық оңалту __________, әлеуметтік
оңалту _________, кәсіби оңалту ___________
Бо­ла­тын  кү­ні
Болғанды­ғы ту­ра­лы бел­гі
Бо­ла­тын кү­ні
Болғанды­ғы ту­ра­лы бел­гі
Бо­ла­тын кү­ні
Болғанды­ғы ту­ра­лы бел­гі
аумақ-тық бө­лім-ше
Динамикалық бақылау процесінде ОЖБ орындалуы туралы қорытынды
р/с
Қа­бі­лет­тің шек­те­луі (функ­ци­о­нал­дық класс бой­ын­ша)
кү­ні
кү­ні
Кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
Оңал­ту­ға дей­ін
Оңал­ту­дан кей­ін
Оңал­ту­ға дей­ін
Оңал­ту­дан кей­ін
Оңал­ту­ға дей­ін
Оңал­ту­дан кей­ін
1.
өзін-өзі кү­ту­ге
2.
өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру­ға
3.
қа­рым-қа­ты­на­сқа
4.
бағ­дар­ға
5.
өзі­нің мі­нез-құл­қын ба­қы­лау
6
оқу­ға
7.
ең­бек қыз­ме­тіне
8.
ой­ын қыз­ме­тіне
10. Тұжырымдары:
1) оңалту әлеуетінің жеткен нәтижесіне сәйкестілік дәрежесі бойынша (астын сызу):
толық іске асырылды, жартылай, іске асырылмады;
2) мүгедектік динамикасы бойынша (астын сызу): толық, жартылай оңалту, тұрақты
мүгедектік, мүгедектіктің ауырлауы.
11. ОЖБ іске асыру күні_______________
Аумақтық бөлімше
бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә._______________ ______________
(қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә._______________ _______________
(қолы)
Куәландыру үшін мөртаңба

2 N___ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2006 жылғы 3 шілдедегі
N 157-Ө бұйрығына
2-қосымша
Мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеу
ережесіне 2-қосымша
N___ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан
ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ
(аумақтық бөлімше маманы толтырады)
Мүгедектің Т.А.Ә.___________________________________________________
Тұрақты тұратын мекен-жайы__________________________________________
Куәландыру күні_____________________________________________________
Мүгедектік санаты___________________________________________________
Мүгедектік _____________________________________ мерзімге белгіленді
Қайта куәландыру күні_______________________________________________
Оңалтудың медициналық бөлігінің іске асыру мерзімі__________________
Оңалтудың әлеуметтік бөлігінің іске асыру мерзімі___________________
Оңалтудың кәсіби бөлігінің іске асыру мерзімі_______________________
Бо­ла­тын кү­ні
Болғанды­ғы ту­ра­лы бел­гі
Бо­ла­тын кү­ні
Болғанды­ғы ту­ра­лы бел­гі
Бо­ла­тын кү­ні
Болғанды­ғы ту­ра­лы бел­гі
Аумақ­тық бө­лім­ше
Тұжырымдары:
1) оңалту әлеуетінің жеткен нәтижесіне сәйкестілік дәрежесі бойынша (астын сызу):
толық іске асырылды, жартылай, іске асырылмады;
2) мүгедектік динамикасы бойынша (астын сызу): толық, жартылай оңалту, тұрақты
мүгедектік, мүгедектіктің ауырлауы.
Аумақтық бөлімше
бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә._______________ ______________
(қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә._______________ _______________
(қолы)
Куәландыру үшін мөртаңба

3 Оңалтудың медициналық бөлігі 200 _ жылғы" ___" _____________ N ______ медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне N ____

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2006 жылғы 3 шілдедегі
N 157-Ө бұйрығына
3-қосымша
Мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеу
ережесіне 3-қосымша
Оңалтудың медициналық бөлігі
200 _ жылғы" ___" _____________ N ______
медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне N ____
1. ТАӘ (мүгедек)____________________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні ___________________________________________
3. Оңалтудың медициналық бөлігін әзірлеу күні_______________________
4. Мекен-жайы_______________________________________________________
5. Мүгедектік санаты________________________________________________
6. Мүгедектік себебі________________________________________________
7. Клиникалық-сараптама диагнозы: (негізгі және ілеспелі)___________
____________________________________________________________________
р/с
Оңал­ту іс-ша­ра­ла­ры
Аумақ­тық бө­лім­ше­нің ұсы­ным­да­ры
орын­да­луы
Орын­да­лу ор­ны (ем­ха­на,
үй­де, ста­ци­о­нар, оңал­ту ор­та­лы­ғы, са­на
то­рий)
орын­дал­ма­ды, се­бе­бі
Кур­стар-дың ұз­ақ­тығы және есе­лі­гі
Орын­да­лу мер­зім-
де­рі
Кур­стар-
дың ұз­ақ­тығы және есе­лі­гі
Орын­да-лу мер­зі­мі
(аумақ­тық бө­лім­ше ма­ма­ны тол­ты­ра­ды)
(ОЖБ орын­да­луы­на жа­у­ап­ты ма­ман тол­ты­ра­ды)
1
2
3
4
5
6
7
8
1.
Қа­лып­қа кел­ті­ру те­ра­пи­я­сы(ен­гі­зіп жа­зу)
2.
Ре­кон­струк­ци­я­лық хи­рур­гия  (ен­гі­зіп жа­зу)
3.
Са­на­тор­лық ем­деу (ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның же­лі­сі бой­ын­ша өт­кі­зі­ле­ді) (бей­ін­ді көр­се­ту)
8. Оңалтудың медициналық бөлігі бойынша іске асырудың нәтижесін бағалау (астын сызу):
бұзылған функцияларды қалпына келтіру (толық немесе ішінара), бұзылған функцияларды
өтеу (толық немесе ішінара), жағымды нәтижелердің болмауы (ОЖБ орындалуына жауапты
маман толтырады).
9. Оңалтудың медициналық бөлігін әзірлеу күні ______________________
(аумақтық бөлімше маманы толтырады)
10. Оңалтудың медициналық бөлігін іске асыру мерзімі _______________
(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)
Аумақтық бөлімше
бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә._______________ ______________
(қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә._______________ _______________
(қолы)
Куәландыру үшін мөртаңба
ОЖБ іске асыруға жауапты ұйым, кәсіпорын, мекеме басшысының
Т.А.Ә.
(қолы)
М.О.

4 Оңалтудың әлеуметтік бөлігі 200 _ жылғы" ___" _____________ N ______ медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне N ____

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2006 жылғы 3 шілдедегі
N 157-Ө бұйрығына
4-қосымша
Мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеу
ережесіне 4-қосымша
Оңалтудың әлеуметтік бөлігі
200 _ жылғы" ___" _____________ N ______
медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне N ____
1. ТАӘ (мүгедектің)_________________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні____________________________________________
3. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін әзірлеу күні _______________________
4. Мекен-жайы ______________________________________________________
5. Мүгедектік санаты _______________________________________________
6. Мүгедектік себебі _______________________________________________
7. Клиникалық-сараптама диагнозы: (негізгі және ілеспелі)___________
____________________________________________________________________
р/с
Оңал­ту іс-ша­ра­ла­ры
Аумақ­тық бө­лім­ше­нің ұсы­ным­да­ры
Орын­да­у­шы (орын­да­луы­на жа­у­ап­ты ма­ман тол­ты­ра­ды)
Орын­да­лу кү­ні
Орын­дал­ма­ды, се­бе­бі
орын­да­лу мер­зім­де­рі (аумақ­тық бө­лім­ше ма­ма­ны тол­ты­ра­ды)
(ОЖБ орын­да­луы­на жа­у­ап­ты ма­ман тол­ты­ра­ды)
1
2
3
4
5
6
1.
Про­тез­дік-ор­то­пе­ди­я­лық кө­мек көр­се­ту (ен­гі­зіп жа­зу)
2.
Тех­ни­ка­лық кө­мек­ші (ор­нын тол­ты­ру­шы) құ­рал­дар­мен қам­та­ма­сыз ету (ен­гі­зіп жа­зу)
3.
Жү­ріп-тұ­ру ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын бұй­ым­дар­мен қам­та­ма­сыз ету (ен­гі­зіп жа­зу)
4.
Же­ке ги­ги­е­на, өзін-өзі кү­ту, жү­ріп-тұ­ру негіз­гі әле­умет­тік дағ­ды­лар­ды үй­ре­ту (астын сы­зу)
5.
Әле­умет­тік қыз­мет­тер ұсы­ну (астын сы­зу): же­ке кө­мек­ші, ым­дау ті­лі­нің ма­ма­ны
6.
Әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту (ен­гі­зіп жа­зу)
7.
Ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау жүй­е­сі­нің ұй­ым­да­ры өт­кі­зе­тін са­на­тор­лық ем­деу (бей­ін­ді көр­се­ту)
8.
Бас­қа­ла­ры(ен­гі­зіп жа­зу)
8. Оңалтудың медициналық бөлігі бойынша іске асырудың нәтижесін бағалау (астын сызу):
өзін-өзі күту, дербес тұру, жүріп-тұру дағдыларын, бағдарын, әлеуметтік-психологиялық
мәртебесін толық немесе ішінара қалпына келтіру (ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады).
9. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін іске асыру мерзімі _________________
(аумақтық бөлімше маманы толтырады)
10. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін іске асыру күні____________________
(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)
Аумақтық бөлімше бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә.____________________________________ __________________
(қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә.____________________________________ __________________
(қолы)
Куәландыру үшін мөртабан
Оңалту іс шараларын іске асыруға жауапты ұйым, кәсіпорын, мекеме басшысының
Т.А.Ә. ___________________________________ __________________
(қолы)
М.О.

5 Оңалтудың кәсіби бөлігі 200 _ жылғы" ___" _____________ N ______ медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне N ____

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2006 жылғы 3 шілдедегі
N 157-Ө бұйрығына
5-қосымша
Мүгедекті оңалтудың жеке
бағдарламасын әзірлеу
ережесіне 5-қосымша
Оңалтудың кәсіби бөлігі
200 _ жылғы" ___" _____________ N ______
медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне N ____
1. ТАӘ (мүгедектің)_________________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні____________________________________________
3. Оңалтудың кәсіби бөлігін әзірлеу күні____________________________
4. Мекен-жайы ______________________________________________________
5. Мүгедектік санаты _______________________________________________
6. Мүгедектік себебі _______________________________________________
7. Клиникалық-сараптама диагнозы: (негізгі және ілеспелі) __________
____________________________________________________________________
р/с
Оңал­ту іс-ша­ра­ла­ры
Аумақ­тық бө­лім­ше­нің ұсы­ным­да­ры
Орын­да­у­шы
Орын­да­лу кү­ні
Орын­дал­ма­ды, се­бе­бі
орын­да­лу мер­зім­де­рі (аумақ­тық бө­лім­ше ма­ма­ны тол­ты­ра­ды)
(ОЖБ орын­да­луы­на жа­у­ап­ты ма­ман тол­ты­ра­ды)
1
2
3
4
5
6
1.
Пси­хо­ло­ги­я­лық-
пе­да­го­ги­ка­лық кор­рек­ци­я­лық жұ­мыс, мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру, ба­ста­уыш, негіз­гі, жал­пы ор­та бі­лім бе­ру (астын сы­зу)
2.
Кә­сіп­тік бі­лім: ба­ста­уыш, ор­та, жо­ға­ры, жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі, ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау жүй­е­сі­нің ұй­ым­да­ры ар­қы­лы (астын сы­зу)
3.
Оқу шар­ты: үй­де, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ке­ме­лер­де, жұ­мыс ор­ны бой­ын­ша және бас­қа­ла­ры (ен­гі­зіп жа­зу)
4.
Жұ­мыс ор­ны, кво­та бой­ын­ша, ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау жүй­е­сі­нің ұй­ым­да­ры және бас­қа­ла­ры ар­қы­лы жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру (ен­гі­зіп жа­зу)
5.
Жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру шар­ты
5.1. жұ­мыс ре­жи­мін ұй­ым­да­сты­ру: то­лық неме­се қы­сқар­ты­л­ған жұ­мыс кү­ні және бас­қа (ен­гі­зіп жа­зу)
5.2. жа­ғым­сыз өн­ді­рі­стік фак­тор­лар­дың әсе­рін қо­с­па­ған­да
5.3. жұ­мыс ор­нын ар­на­у­лы құ­рал­дар­мен жаб­дық­тау
6.
Бас­қа­ла­ры (ен­гі­зіп жа­зу)
8. Оңалтудың кәсіби бөлігі бойынша іске асырудың нәтижесін бағалау:
оқытылды, қайта оқытылды, кәсіпті иегерді, жұмыс орны құрылды,
жұмысқа орналастырылды, жағымды нәтиженің болмауы
(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады).
9. Оңалтудың кәсіби бөлігін әзірлеу күні ___________________________
(аумақтық бөлімше маманы толтырады)
10. Оңалтудың кәсіби бөлігін орындау күні___________________________
(ОЖБ орындалуына жауапты маман толтырады)
Аумақтық бөлімше бас маманының (реабилитолог)
Т.А.Ә.____________________________________ __________________
(қолы)
Аумақтық бөлімше бастығы
Т.А.Ә.____________________________________ __________________
(қолы)
Куәландыру үшін мөртабан
Оңалту іс шараларын іске асыруға жауапты ұйым, кәсіпорын, мекеме басшысының
Т.А.Ә. ___________________________________ __________________
(қолы)
М.О.

Қолданыстағы