Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 декабря 2004 года № 286-п "Об утверждении Правил разработки индивидуальной программы реабилитации инвалида"

Бұйрық · № 426-ө-м · қабылданған 06.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2004-no-286/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 декабря 2004 года № 286-п "Об утверждении Правил разработки индивидуальной программы реабилитации инвалида" Күшін жойған Бұйрық ·№ 426-ө-м ·06.11.2012
30.01.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 декабря 2004 года № 286-п "Об утверждении Правил разработки индивидуальной программы реабилитации инвалида"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 426-ө-м · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 декабря 2004 года № 286-п "Об утверждении Правил разработки индивидуальной программы реабилитации инвалида"
Атауы (қаз.)
"Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
426-ө-м
Қабылданған күні
06.11.2012
Көрсетілген редакция
30.01.2015 AI69064_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008115
ЭКБ идентификаторы
69064
Редакция идентификаторы
AI69064_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:58

0 "Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3317 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Әлеуметтік көмек департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ә. Ахметовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
__________ С. Қайырбекова
2012 жылғы 2 қараша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
____________ Б. Жұмағұлов
2012 жылғы 6 қараша

0 Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын айқындау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2012 жылғы 6 қарашадағы № 426-ө-м
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2004 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 286-ө бұйрығымен
бекітілген
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын айқындау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750, «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулыларына сәйкес әзірленді және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын айқындаудың тәртібін регламенттейді.

2 2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

1 1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ) – мүгедекті оңалту шараларының нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат.

ОЖБ организмнiң бұзылған және жойылған функцияларын қалпына келтiруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын оңалту iс-шаралары кешенiн айқындайды. ОЖБ-ны әзірлеу организм функцияларының тұрақты бұзылуы тудырған тыныс-тіршіліктің шектелуін бағалау негізінде жүргізілген сарапшылық-оңалту диагностикасының нәтижесіне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге мұқтаждығына байланысты медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу шеңберінде жүзеге асырылады;

2 2) оңалту-сараптамалық диагностика - оңалту әлеуетінің, оңалту болжамының бағасы.

Оңалту-сараптамалық қорытындыда мүгедектің оңалту іс-шараларына мұқтаждығы қысқаша негізделеді.
Оңалту-сараптамалық қорытындының мазмұны мен құрылымы оңалту әлеуетіне және оңалту болжамына қарай айқындалады;

3 3) оңалту әлеуеті – мүгедек организмінің бұзылған функциялары мен қабiлеттерiн медициналық, психологиялық және әлеуметтiк факторларды талдау негiзiнде қалпына келтірудің нақты мүмкiндiктерінің көрсеткiшi.

Оңалту әлеуеті былайша бағаланады:
жоғары – денсаулықтың, тіршілік-тынысындағы шектеулердің, еңбекке қабілеттігі мен әлеуметтік жағдайының толығымен қалпына келтірілуі (толық оңалту);
қанағаттанарлық – организм функцияларының шамалы білініп бұзылуы, тіршілік-тынысы санаттарын шектелген көлемде немесе техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың көмегімен, әлеуметтік қолдауға мұқтаждық;
төмен – организм функциялары бұзылушылығының айқын білінуі, тіршілік-тынысы санаттарының көпшілігін едәуір шектеулермен орындау, мүгедектің әлеуметтік қолдауға үнемі мұқтаж болуы;
оңалту әлеуетінің болмауы – организм функцияларының өте айқын бұзылуы, негізгі қызмет түрлерінің орнын толтыруға немесе өзіндігінен орындауға мүмкіндіктің болмауы, өзгелердің күтіміне мұқтаж болу;

4 4) оңалту болжамы – оңалту әлеуетін iске асырудың болжамды мүмкiндігі және мүгедектi қоғамға кiрiктірудiң болжамды деңгейі.

Оңалту болжамы былайша бағаланады:
қолайлы – организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысындағы шектеулер санаттарын толық қалпына келтіру және/немесе орнын толтыру, мүгедектің қоғамға толығымен кірігу мүмкіндігі;
біршама қолайлы – организмнің бұзылған функциялары мен тіршілік-тынысының шектелуі санаттарын ішінара қалпына келтіру және/немесе орнын толтыру мүмкіндігі, олардың шектелу дәрежесінің төмендеуі немесе тұрақтануы, мүгедектің кірігу және толық әлеуметтік қолдаудан ішінара әлеуметтік қолдауға өту қабілетінің кеңеюі;
күмәнді – болжамның анық болмауы;
қолайсыз – организмнің бұзылған функцияларын және тіршілік-тынысы санаттарын қалпына келтіру, тұрақтандыру немесе орнын толтыру мүмкіндігінің болмауы.

2 2. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын айқындау тәртібі

3 3. ОЖБ-ны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) осы Қағидалардың 4-тармағында айқындалған құжаттар түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде әзірлейді.

4 4. ОЖБ мүгедектің (немесе оның заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші негізінде, мынадай құжаттардың ұсынылуымен әзірленеді:

1 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі (он алты жасқа дейінгі мүгедек бала үшін) және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы не мекенжай анықтамасы не селолық немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы). Адамның түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында болу фактісін растайтын анықтама (еркін үлгіде);

3

3) ресімделген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 088/у нысаны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) немесе медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы;

4 4) мүгедектігін растайтын анықтаманың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

5 5) динамикалық тексерілуді талдау үшін амбулаторлық науқастың медициналық картасы;

6 6) әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі (ЖСН) және салыстыру үшін түпнұсқасы;

7 7) ОЖБ-ның кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін:

- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда еңбекке қабілетті жастағы адам береді);
- еңбек сипаты мен еңбек жағдайларын өзгертуге мұқтаж мүгедектер үшін өндірістегі еңбектің сипаты мен еңбек жағдайы туралы мәлімет (1-қосымша);

8 8) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін тәрбиелеудің, білім берудің түрлері мен нысандарын айқындау үшін көрсетілімдерді белгілеген жағдайда – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы (бұдан әрі – ПМПК қорытындысы);

9 9) мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі (мүгедек немесе оның заңды өкілі тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ОЖБ әзірлеу үшін береді) (2-қосымша).

5 5. ОЖБ-ны іске асыру мерзіміне сәйкес келетін ОЖБ әрбір оңалту іс-шарасының іске асырылу мерзімін көрсете отырып, мүгедектіктің белгіленген мерзіміне әзірленеді.

6 6. ОЖБ:

1 1) ОЖБ картасынан (3-қосымша);

2 2) ОЖБ картасынан үзінді көшірмеден (4-қосымша);

3 3) ОЖБ-ның медициналық бөлігінен (5-қосымша);

4 4) ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігінен (6-қосымша);

5 5) ОЖБ-ның кәсіптік бөлігінен (7-қосымша) тұрады.

7

7. ОЖБ-ның медициналық және/немесе әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөліктері жүргізілген оңалту-сараптамалық диагностиканың нәтижелеріне және организм функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының бұзылуы салдарынан туындаған мүгедектің тыныс-тіршілігі шектелуінің толық немесе ішінара орнын толтыруға бағытталған оңалту іс-шараларын жүргізуге мұқтаждығына байланысты, медициналық көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, 088/у нысанда көрсетілген оңалту іс-шаралары жоспарының немесе медициналық ұйымның ДКК қорытындысында (мүгедек соңғы 088/у нысанының датасынан бастап бес жыл ішінде береді) көрсетілген ұсынымдардың негізінде әзірленеді (түзетіледі).
ОЖБ-ның кәсіптік бөлігін әзірлеу кезінде:
мүгедек балалар үшін: олардың психикалық жай-күйі, интеллектуалдық даму ерекшеліктері, ойын әрекетіне, білім алуға, қарым-қатынасқа, еңбек қызметі дағдыларын игеруге және орындауға ықтимал мүмкіндіктері (ПМПК қорытындысының негізінде);
жұмыс істейтін мүгедектер үшін: еңбек қызметі туралы мәліметтер және өндірістегі еңбектің сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер ескеріледі.

8 8. Куәландырылатын адамның деректері мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған деректер банкіне (бұдан әрі – МОДБ) енгізіледі, мұнда ОЖБ қалыптастырылып, кейіннен басылып шығарылады.

Басылып шығарылған ОЖБ-ға аумақтық бөлімшенің бастығы, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге қатысқан бас мамандары қол қояды және ол куәландыруға арналған мөртабанмен расталады.

9 9. ОЖБ картасы медициналық-әлеуметтік сараптама актісіне тігіледі.

10 10. ОЖБ картасынан үзінді көшірме мүгедекке (немесе оның заңды өкіліне) беріледі.

11 11. ОЖБ-ның бекітілген медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктері үш жұмыс күні ішінде:

1 1) ОЖБ-ның медициналық бөлігі (5-қосымша) – тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға және/немесе жұмыс берушіге (еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру болған жағдайда);

2 2) ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі, ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі (6, 7-қосымшалар) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына және/немесе жұмыс берушіге (еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру болған жағдайда) жолданады.

Қолда бар материалдарда жұмыс берушінің заңды мекенжайы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, ОЖБ-ның бекітілген медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктері мүгедекке немесе оның заңды өкіліне беріледі.

12 12. Оңалту шараларын өткізу кезінде оңалту шараларын жүзеге асырудың жеке-даралығы, дәйектілігі, кешенділігі, сабақтастығы және үздіксіздігі, жүргізілген оңалту іс-шараларын динамикалық бақылау және олардың тиімділігін бақылау қамтамасыз етіледі.

13 13. Медициналық оңалтуды медициналық ұйымдар жүргізеді.

14 14. Әлеуметтік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, арнаулы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) жүргізеді.

15 15. Кәсіптік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары және білім беру ұйымдары жүргізеді.

16 16. Жүргізілген оңалту іс-шараларының аяқталуына орай ОЖБ-ның медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктеріне ОЖБ-ның іске асырылуына жауапты басшысы қол қояды, мөртаңбалармен расталады және аумақтық бөлімшеге қайтарылады.

ОЖБ-ның медициналық бөлігінің орындалуы туралы деректерді аумақтық бөлімшелер МОДБ-ға енгізеді (МОДБ-ны денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесімен ықпалдастырғанға дейін).
ОЖБ-ның әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөлігінің (бөліктерінің) орындалғаны туралы деректерді халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары МОДБ-ға енгізеді. Арнаулы әлеуметтік қызмет алушының ОЖБ-сының әлеуметтік бөлігіне жеке жұмыс жоспарының орындалуы бойынша тоқсан сайынғы мониторинг қорытындысы туралы деректер енгізіледі.
Жұмыстағы мертігу және кәсіптік ауру салдарынан болған мүгедектің ОЖБ-сының әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөлігінің (бөліктерінің) орындалғаны туралы деректерді аумақтық бөлімшелер МОДБ-ға енгізеді.

17 17. ОЖБ-ның медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктері бойынша іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды және тиімділігін бағалауды аумақтық бөлімше мүгедекті кезекті қайта куәландыру кезінде немесе оны динамикалық бақылау тәртібімен жүзеге асырады.

18

18. Орындалған оңалту іс-шараларының тиімділігін, сапасы мен толықтығын бағалау және қайта куәландыру мерзімі белгіленбеген мүгедектігі бар адамдарың, мүгедектік мерзімі бес жыл және он алты жасқа толғанға дейінгі мүгедек балалардың ОЖБ-сын уақытында түзету мақсатында динамикалық бақылау күнін аумақтық бөлімше белгілейді.
Оңалту іс-шараларының орындалмауының себептеріне байланысты, көрсетілімі болған кезде аумақтық бөлімше ОЖБ-ны түзетеді: оңалтудың медициналық және/немесе әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөліктері бойынша қосымша іс-шараларды әзірлейді немесе оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізудің қажеттігі мен тиімділігі туралы мәселені шешеді.

19 19. ОЖБ-ның іске асырылуы туралы қорытындыны аумақтық бөлімше ОЖБ-ның медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктерінің тиімділігін бағалаудың негізінде алқалық талқылаудан кейін шығарады, оны аумақтық бөлімшенің бастығы бекітеді және куәландыру үшін мөртабанмен расталады.

1 Өндірістегі еңбектің сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
айқындау қағидаларына
1-қосымша
Өндірістегі еңбектің сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер

1 1. Т.А.Ә. ___________________________________________________________

2 2. Туған жылы, айы, күні___._________._________ ж.

3 3. Ұйымның атауы_____________________________________________________

4 4. Кәсібі, лауазымы, мамандығы___________________________

5 5. Тариф разряды, санаты_________________________________________

6 6. Еңбекті ұйымдастыру нысаны: (еңбек шарты, ұжымдық еңбек шарты,

жұмыс ауысымы, жұмыс күнінің ұзақтығы, іссапарлардың болуы, еңбек және демалыс режимі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

7 7. Функционалдық міндеттері:_________________________________________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

8 8. Еңбек жағдайы (жұмыс орнының санитарлық-гигиеналық сипаты, зиянды

өндірістік факторлардың бар болуы) __________________________________
_____________________________________________________________________

9 9. Тиімді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі ____________________________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Күні 20_____ ж. «____» ________
Т.А.Ә. ____________________________________________ ___________
басшысы                                        (қолы)
М.О.

2 Мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
айқындау қағидаларына
2-қосымша
Мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын
ТЕКСЕРУ АКТІСІ
Тексеру жүргізу күні «_____.________. 20______ ж.»
(күні, айы, жылы)
Комиссияның құрамы:
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
Мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына және иелігіндегі тұрғын
үй-жайының техникалық жағдайына тексеру жүргізілді
_____________________________________________________________________
(мүгедектің Т.А.Ә., туған күні)
_____________________________________________________________________
Тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефоны (болған жағдайда)
Мүгедектің әлеуметтік жағдайы _______________________________________
(жалғызілікті, жалғыз тұратын немесе отбасының еңбекке
жарамсыз мүшелерімен тұратын, жұмыс істейтін, зейнеткер)
Отбасы құрамы _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні, туыстық қатынастары, тұрғылықты жері)
Тұрғын үй жағдайлары
_____________________________________________________________________
(қандай үйде немесе пәтерде тұратынын, бөлмелердің санын, алаң мөлшерін көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тұрғын үйдің жайластырылуы:
қабат «__»
лифті бар/жоқ_____________________________________________________
Кабина:
өлшемдері (тереңдігі X ені) (норма кемінде 129х140 см) ______________
лифт алдындағы алаң (норма 150х150 см) ______________________________
есік орнының ені (норма кемінде 90 см) ______________________________
тұтқа (биіктігі) (норма 90-110 см) __________________________________
Жылыту түрі: орталықтандырылған, газ, отын, көмір (астын сызу).
Сумен жабдықтау: ыстық, суық, жоқ (астын сызу).
Есік орнының ені (норма не менее 90 см.) ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ішкі өңдеудің, еденнің, терезе жақтауларының, кіреберіс және
бөлмеаралық есіктердің, сантехникалық жабдықтардың, газ
жабдықтарының, коммуникацияның, электр сымдарының жай-күйін көрсету)
Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары бар ма
(протездік-ортопедиялық, сурдо-, тифлотехникалық):
_____________________________________________________________________
ҚОРЫТЫНДЫ
Мүгедектердің санаты:
арбамен қозғалатын мүгедектер;
қозғалуда арбаны пайдаланбайтын тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер;
көзінің ақауы бар мүгедектер,
құлағының мүкісі бар мүгедектер
басқалар _____________________________________________________
(қосып жазу)
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары мынадай позициялар бойынша жақсартуды қажет етеді.
Тұрғын үйге мұқтаж, қабатын, ғимарат типін, жайлылық деңгейiн және
тұруға қажеттi басқа да жағдайларын ескере отырып тұрғын үй-жайды
таңдау құқығы бар, тұрғын үй-жайларды жабдықтауға мұқтаж (қажетін сызу керек)
басқалар _____________________________________________________
(қосып жазу)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«___»___________20__ ж.
(акті жасау күні)

3 Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасы (ОЖБ картасы)

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
айқындау қағидаларына
3-қосымша
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасы (ОЖБ картасы)

1 1. Т.А.Ә. _________________ Туған жылы, айы, күні___._____._______ ж.

2 2. Тұрғылықты мекенжайы

_____________________________________________________________________

3 3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (қалыптастыру, түзеу) _____________

4 4. Мүгедектік санаты (тобы, себебі) _________________________________

5 5. Мүгедектік ____ ________ ____________ дейінгі мерзімге белгіленді

6 6. Клиникалық болжам: (қолайлы, біршама қолайлы, қолайсыз, күмәнді)

7 7. Оңалту әлеуеті: (жоғары, қанағаттанарлық, төмен, оңалту әлеуетінің болмауы)

8 8. Оңалту болжамы: (қолайлы, біршама қолайлы, күмәнді, қолайсыз)

9 9. Диагнозы__________________________________________________________

10 10. Оңалту-сараптама қорытындысы:

- оңалтудың медициналық бөлігі:
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
- оңалтудың әлеуметтік бөлігі:
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
- оңалтудың кәсіптік бөлігі:
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. ____
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. ____

11 11. Динамикалық бақылау күні _____ж. ____ _______

Қорытынды (деректер МОДҚ-ға енгізіледі) _____________________________
_____________________________________________________________________
(динамикалық бақылау күні, қолы)

12 12. ОЖБ-ның мазмұнымен келісемін_________________ күні ______________

(мүгедектің немесе оның
заңды өкілінің қолы (астын сызу))

13 13. Қорытынды:

1 1) оңалту әлеуетінің жеткен нәтижесіне сәйкестілік дәрежесі

бойынша (астын сызу): толық іске асырылды, жартылай, іске асырылмады;

2 2) мүгедектік динамикасы бойынша (астын сызу): толық, жартылай

оңалту, тұрақты мүгедектік, мүгедектіктің ауырлауы.
Т.А.Ә. _____________________________________ __________________
(қолы)
______________________________________ _________________
(қолы)
______________________________________ _________________
аумақтық бөлімшенің медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргізуге қатысқан бас мамандары     (қолы)
Т.А.Ә. _________________________________ _________________
аумақтық бөлімшенің бастығы             (қолы)
Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

4 Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан үзінді көшірме

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
айқындау қағидаларына
4-қосымша
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан үзінді көшірме

1 1. Т.А.Ә. __________ Туған жылы, айы, күні___.________._________ ж.

2 2. Тұрғылықты мекенжайы _____________________________________________

3 3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (қалыптастыру, түзеу) _____________

4 4. Мүгедектік санаты (тобы, себебі) _________________________________

5 5. Мүгедектік ____ _________ ____________ дейінгі мерзімге белгіленді

6 6. Диагнозы _________________________________________________________

7 7. Оңалту-сараптама қорытындысы:

- оңалтудың медициналық бөлігі:
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
- оңалтудың әлеуметтік бөлігі:
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
- оңалтудың әлеуметтік бөлігі:
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
Т.А.Ә. ___________________________ ______________
аумақтық бөлімшенің бастығы       (қолы)
Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

5 Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
айқындау қағидаларына
5-қосымша
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі

1 1. Т.А.Ә. (мүгедек)___________ Туған жылы, айы, күні___._____.____ ж.

2 2. Мекенжайы, үй телефоны ___________________________________________

3 3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (қалыптастыру, түзеу) _____________

4 4. Мүгедектік санаты (тобы, себебі) _________________________________

5 5. Диагнозы _________________________________________________________

6 6. Мүгедектік _____ _________ ___________ дейінгі мерзімге белгіленді

7 7. Оңалту-сараптамалық қорытынды:

- оңалтудың медициналық бөлігі
р/с
Оңал­ту
іс-ша­ра­ла­ры
Аумақ­тық бө­лім­ше­нің ұсы­ным­да­ры
Орын­да­луы (ОЖБ іс­ке асы­ры­луы­на жа­у­ап­ты ма­ман тол­ты­ра­ды)
Орын­дал­мау се­бе­бі­нің негіз­де­ме­сі
кур­стар­дың ұз­ақ­тығы және есе­лі­гі
іс­ке асы­ру мер­зі­мі, ОЖБ іс­ке асы­ру­ға жа­у­ап­ты
орын­дау ор­ны (ста­ци­о­нар, оңал­ту ор­та­лы­ғы, са­на­то­рий)
кур­стар­дың ұз­ақ­тығы және есе­лі­гі
орын­дау кү­ні,
ОЖБ іс­ке асы­ры­луы­на жа­у­ап­ты ма­ман­ның Т.А.Ә.
1
2
3
4
5
6
7
8
1.
Са­на­тор­лық ем­деу (ен­гі­зіп жа­зу)
2.
Қа­лып­қа кел­ті­ру хи­рур­ги­я­сы (ен­гі­зіп жа­зу)
3.
Са­на­тор­лық ем­деу (ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның же­лі­сі бой­ын­ша өт­кі­зі­ле­ді) (бей­ін­ді көр­се­ту)
4.
Бас­қа­ла­ры (қо­сып жа­зу)
- оңалтудың әлеуметтік бөлігі:
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
- оңалтудың кәсіптік бөлігі:
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
8. Динамикалық бақылау күні ____ ________________ _______ж.
Т.А.Ә. ____________________________________________ ______________
аумақтық бөлімшенің бастығы            (қолы)
Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

9 9. Оңалтудың медициналық бөлігін әзірлеу күні _______________________

Т.А.Ә. _______________________________________________ ________
басшысы                        (қолы)
МО

10 10. Оңалтудың медициналық бөлігін іске асырудың нәтижелерін бағалау

(астын сызу): бұзылған функцияларды қалпына келтіру (толық немесе

ішінара ішінара), бұзылған функциялардың орнын толтыру (толық немесе ішінара), оң нәтиженің болмауы

Т.А.Ә.. ____________________________________________ ______________
аумақтық бөлімшенің бастығы             (қолы)
Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

6 Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігі

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
айқындау қағидаларына
6-қосымша
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігі

1 1. Т.А.Ә. (мүгедек)________Туған жылы, айы, күні___._______.______ ж.

2 2. Мекенжайы, үй телефоны ___________________________________________

3 3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (қалыптастыру, түзеу) _____________

4 4. Мүгедектік санаты (тобы, себебі) _________________________________

5 5. Диагнозы _________________________________________________________

6 6. Мүгедектік _____ ________ ____________ дейінгі мерзімге белгіленді

7 7. Оңалту-сараптамалық қорытынды:

- оңалтудың әлеуметтік бөлігі
р/с
Оңал­ту іс-ша­ра­ла­ры
Іс­ке асы­ру мер­зі­мі, ОЖБ іс­ке асы­ру­ға жа­у­ап­ты
Орын­дау кү­ні
Орын­да­у­шы
Орын­дал­мау се­бе­бі­нің негіз­де­ме­сі
аумақ­тық бө­лім­ше­нің ма­ма­ны тол­ты­ра­ды
ОЖБ іс­ке асы­ры­луы­на
жа­у­ап­ты ма­ман тол­ты­ра­ды
1
2
3
4
5
6
1.
Про­тез­дік-ор­то­пе­ди­я­лық кө­мек көр­се­ту:
қол про­тез­де­рі;
жі­лін­шік про­тез­де­рі;
жам­бас про­тез­де­рі; ке­уде без­де­рі­нің про­тез­де­рі;
ап­па­рат­тар, ту­тор­лар, ор­тез­дер;
бал­дақ­тар, та­яқ­тар, же­тек ар­ба­лар, кор­сет­тер, ре­кли­на­тор­лар, ба­сұ­с­та­ғы­штар;
бан­даж­дар, ем­дік бел­бе­улер, ба­ла­лар­дың про­фи­лак­ти­ка­лық шал­бар­ла­ры;
ор­то­пе­ди­я­лық аяқ ки­ім және қо­сым­ша те­тіктер (ке­бі­стер, су­пи­на­тор­лар);
ап­па­рат­тар­ға ар­нал­ған аяқ ки­ім
2.
Сур­до­тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­мен қам­та­ма­сыз ету:
есту ап­па­рат­та­ры;
бей­не­ком­пью­тер­лер;
көп­функ­ци­о­нал­ды сиг­нал­дық жүй­е­лер;
те­ле­факс;
мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма­сы бар және ха­бар­ды қа­был­дау қыз­ме­ті бар ұя­лы те­ле­фон­дар;
са­ңы­рау және на­шар ести­тін адам­дар­ға ар­нал­ған са­ғат­тар
3.
Ти­фло­тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­мен қам­та­ма­сыз ету:
та­яқ­тар;
ти­фло­маг­ни­тол­ла;
оқу ма­ши­на­сы;
ком­пью­тер­лік ти­фло­ке­шен­дер;
Брайл жүй­е­сі бой­ын­ша жа­зу құ­ра­лы;
ре­льеф­ті-но­қат­ты қа­ріп­пен жазуға ар­нал­ған қа­ғаз;
дик­то­фон;
ды­быс жа­з­ба­сын шы­ға­ру­ға ар­нал­ған плей­ер;
на­шар кө­ре­тін адам­дар­ға ар­нал­ған са­ғат­тар
4.
Мін­дет­ті ги­ги­е­на­лық құ­рал­дар­мен қам­та­ма­сыз ету (сал­ма­ғы __, бой­ы­__, жам­бас кө­ле­мі __ ен­гі­зіп жа­зу):
несеп қа­был­да­ғы­штар;
нә­жіс қа­был­да­ғы­штар;
пам­пер­стер
5.
Ар­на­у­лы жү­ріп–тұ­ру құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз ету (крес­ло-ар­ба­лар) (сал­ма­ғы __, бой­ы­__, жам­бас кө­ле­мі __ ен­гі­зіп жа­зу):
бөл­ме­лік;
се­ру­ен­дік
6.
Әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту:же­ке кө­мек­ші;
ым­дау ті­лі ма­ма­ны
7.
Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту:
7.1
ста­ци­о­нар­лық жағ­дай­да:
7.1.1
ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған ба­ла­лар­ға ар­нал­ған МӘМ;
7.1.2
ба­ла­лар­ға ар­нал­ған пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық МӘМ;
7.1.3
пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық МӘМ;
7.1.4
қарт­тар мен мү­ге­дек­тер­ге ар­нал­ған жал­пы үл­гі­де­гі МӘМ;
7.2
жар­ты­лай ста­ци­о­нар­лық жағ­дай­да:
7.2.1
оңал­ту ор­та­лы­ғы;
7.2.2
күн­діз бо­лу ор­та­лы­ғы (бө­лім­ше­сі)
7.2.3
аумақ­тық ор­та­лық;
7.3
үй жағ­дай­ын­да:
8.
Ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау жүй­е­сі­нің ұй­ым­да­ры же­лі­сі бой­ын­ша өт­кі­зі­ле­тін са­на­тор­лық-ку­рорт­тық ем­деу
9.
Тұр­ғын үй-тұр­мыстық жағ­дай­лар­ды жақ­сар­ту
- оңалтудың медициналық бөлігі:
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
- оңалтудың кәсіптік бөлігі:
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____

8 8. Динамикалық бақылау күні ____ ________________ _______ж.

Т.А.Ә. ____________________________________________ ___________
аумақтық бөлімшенің бастығы (қолы)
Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

9 9. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін әзірлеу күні ________________________

Т.А.Ә. ___________________________________________ __________
басшысы                         (қолы)
МО

10 10. Оңалтудың әлеуметтік бөлігін іске асырудың нәтижелерін бағалау

(астын сызу): бұзылған функцияларды қалпына келтіру (толық немесе

ішінара ішінара), бұзылған функциялардың орнын толтыру (толық немесе ішінара), оң нәтиженің болмауы

Т.А.Ә. ____________________________________________ ___________
аумақтық бөлімшенің бастығы             (қолы)
Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

7 Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігі

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
айқындау қағидаларына
7-қосымша
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігі

1 1. Т.А.Ә. (мүгедек) _________Туған жылы, айы, күні___._____.______ ж.

2 2. Мекенжайы, үй телефоны ___________________________________________

3 3. ОЖБ бірінші рет, қайта жасалды (қалыптастыру, түзеу) _____________

4 4. Мүгедектік санаты (тобы, себебі) _________________________________

5 5. Диагнозы__________________________________________________________

6 6. Мүгедектік ___ _________ ____________ дейінгі мерзімге белгіленді

7 7. Білімі ___________________________________________________________

8 8. Кәсібі (мамандығы) _______________________________________________

9 9. Оңалту-сараптамалық қорытынды:

- оңалтудың кәсіптік бөлігі
р/с
Оңал­ту іс-ша­ра­ла­ры
Іс­ке асы­ру мер­зі­мі, ОЖБ іс­ке асы­ру­ға жа­у­ап­ты
Орын­дау кү­ні
Орын­да­у­шы
Орын­дал­мау се­бе­бі­нің негіз­де­ме­сі
аумақ­тық бө­лім­ше­нің ма­ма­ны тол­ты­ра­ды
ОЖБ іс­ке асы­ры­луы­на жа­у­ап­ты ма­ман тол­ты­ра­ды
1
2
3
4
5
6
1.
18 жас­қа дей­ін­гі мү­ге­дек ба­ла­лар­мен пси­хо­ло­ги­я­лық-пе­да­го­ги­ка­лық тү­зе­ту жұ­мысын өт­кі­зу
2.
Тех­ни­ка­лық және кәс­iп­тiк, ор­та бiлiм­нен кей­iн­гi, жо­ға­ры, жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­iн­гi бiлiм бе­ру, ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау жүй­е­сі­нің ұй­ым­да­ры ар­қы­лы (ен­гі­зіп жа­зу)
3.
Жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру
4.
Жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру­дың шар­тта­ры (қо­сып жа­зу)
4.1. Жұ­мыс кесте­сін ұй­ым­да­сты­ру: то­лық неме­се қы­сқар­ты­л­ған жұ­мыс кү­ні және бас­қа
4.2. Жа­ғым­сыз өн­ді­рі­стік фак­тор­лар­дың әсе­рін бол­дыр­мау
4.3. Ар­на­у­лы жұ­мыс ор­нын құ­ру
5.
Бас­қа­ла­ры (ен­гі­зіп жа­зу)
- оңалтудың медициналық бөлігі:
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
- оңалтудың әлеуметтік бөлігі:
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____
іс-шаралар __ әзірлеу күні __ж. ___ __ іске асыру мерзімі ___ж. _____

10 10. Динамикалық бақылау күні ____ ________________ _______ж.

Т.А.Ә. ____________________________________________ ___________
аумақтық бөлімшенің бастығы           (қолы)
Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

11 11. Оңалтудың кәсіптік бөлігін әзірлеу күні _________________________

Т.А.Ә. __________________________________________ _______
басшысы                     (қолы)
МО

12 12. Оңалтудың кәсіптік бөлігін іске асырудың нәтижелерін бағалау

(астын сызу): бұзылған функцияларды қалпына келтіру (толық немесе

ішінара ішінара), бұзылған функциялардың орнын толтыру (толық немесе ішінара), оң нәтиженің болмауы

Т.А.Ә. ____________________________________ ______________
аумақтық бөлімшенің бастығы       (қолы)
Аумақтық бөлімшенің мөртабаны

Қолданыстағы