О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 октября 2005 года N 357 "Об утверждении Правил составления и представления отчетности по вопросам государственных закупок"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 октября 2005 года N 357 "Об утверждении Правил составления и представления отчетности по вопросам государственных закупок"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 202
- Қабылданған күні
- 07.06.2006
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2008 AI28562_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004277_
- ЭКБ идентификаторы
- 28562
- Редакция идентификаторы
- AI28562_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:19
0 "Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 357 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3909 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 235-236 (969-970) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "әкімшілер", "әкiмшi", "әкімшінің", "әкімшіге", "әкімшімен" деген сөздер тиісінше "субъектілер", "субъекті", "субъектінің", "субъектіге", "субъектімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацта "субъектілердің" деген сөзден кейін "(бұдан әрі - субъектілер)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді осы тармақтың төртінші абзацында көрсетілген субъектілерді қоспағанда, субъектілер жасайды және осы Ережеде белгіленген тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйелері арқылы және қағаз тасығыштарда ұсынады.";
үшінші абзац алынып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйелерін енгізбеген субъектілер осы Ережеде белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді қағаз тасығыштарда ұсынады.";
3-тармақтың 7) тармақшасында "әкімшілер мен" деген сөздер алынып тасталсын;
19-тармақтың 1) тармақшасында:
"сатып алынатын" деген сөздер алынып тасталсын;
"жоспарланған номенклатурасы және көлемі туралы" деген сөздер "жоспарланған мемлекеттік сатып алу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақта "7), 9) және 10)" деген цифрлар тиісінше "4), 7)" деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші тараудың 3-параграфінің тақырыбында "жүргізілген" деген сөз алынып тасталсын;
24-тармақта:
2 2) тармақшада "сатып алуды" деген сөздердің алды "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
3 3) тармақшада "(қорытындылары)" деген сөз алынып тасталсын;
28, 29 және 30-тармақтарда "дереу" деген сөз "бір жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармақта "дереу" деген сөз "он жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
37-тармақта:
"5-іне" деген сөз "3-іне" деген сөзбен ауыстырылсын;
"әкімшілер және" деген сөздер алынып тасталсын;
38-тармақта "әкімшілер және" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың есеп беру нысанында:
N п.п.
Барлығы
Саны
Тауарлар, барлығы
соның ішінде импорт бойынша
Жұмыс
тар, барлығы
соның
ішінде
ҚР
резиденттері емес
болып
табылатындармен
орындалатын
Көрсетілетін
қызметтер, барлығы
соның
ішінде ҚР
резиденттері
емес
болып
табылатындармен
көрсетілетін
1
2
3
4
5
6
7
8
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
р/с N
Барлығы (мың теңге)
Оның ішінде
Тауарлар, барлығы
оның ішінде импорт бойынша тауарлар
Жұмыстар, барлығы
оның ішінде бейрезиденттер орындайтын жұмыстар
Қызметтер, барлығы
оның ішінде ҚР бейрезиденттері көрсететін қызметтер
1
2
3
4
5
6
7
8
2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (М.Т.Мамашев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оның кейіннен жариялануына шаралар қабылдасын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ә.А.Смайыловқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр