О внесении изменения в постановление акимата от 7 октября 2005 года № 336 "Об установлении охранной зоны вокруг территории Наурзумского государственного природного заповедника"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата от 7 октября 2005 года № 336 "Об установлении охранной зоны вокруг территории Наурзумского государственного природного заповедника"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2005 жылғы 7 қазандағы № 336 "Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағының айналасында күзету аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 11.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2014 78232_125409.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14N0004519
- ЭКБ идентификаторы
- 78232
- Редакция идентификаторы
- 78232_125409
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:54
0 Әкімдіктің 2005 жылғы 7 қазандағы № 336 "Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағының айналасында күзету аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 43-баптарына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 336 "Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағының айналасында күзету аймағын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3514 болып тіркелген, 2005 жылғы 4 қарашада "Қостанай таңы" газетінде, 2005 жылғы 5 қарашада "Костанайские новости газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағының айналасында және ені 2 шақырымнан кем емес жоғарыда көрсетілген қорық шекараларында орналасқан жер пайдаланушылардың жерлерінде күзету аймағы белгіленсін.
Жер пайдаланушылардан учаскелерді алып қоймағандағы күзету аймағының жалпы ауданы 116726,5 гектар (оның ішінде: 80835 гектар - Науырзым ауданында және 35891,5 гектар - Әулиекөл ауданында).".
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Орман және
аңшылық шаруашылығы комитетінің
"Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің (РММ) директоры
_______________ Б. Мұттақов
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігінің Орман
және аңшылық шаруашылығы
комитетінің Қостанай облыстық орман
және аңшылық шаруашылығының
аумақтық инспекциясы" РММ басшысы
___________ М. Бегімбетов
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
ММ басшысы
________________ Қ. Төлеубаев