О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2006 года № 1181
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2006 года № 1181
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 1181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 426
- Қабылданған күні
- 18.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 05.07.2012 AI58351_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000426
- ЭКБ идентификаторы
- 58351
- Редакция идентификаторы
- AI58351_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:33
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 1181 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салуға конкурстар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 1181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 496-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салуға конкурстар өткізу ережесінде:
10-тармақтың сегізінші бөлігі «көшірмелерін» деген сөзден кейін «не қосалқы мердігерлердің лицензияларын беру туралы кепілхатты (бұдан әрі - кепілхат)» деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырсын:
«Кепілхат ұсынған жағдайда объектіні салуға (қайта жаңартуға) арналған рұқсат қосалқы мердігерлер лицензияларының көшірмелерін ұсынғаннан кейін беріледі.»;
22-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырсын:
«Егер кепілхат ұсынған конкурс жеңімпазы жалға беру шарты жасалған күннен бастап 3 айдың ішінде қосалқы мердігер лицензиясының көшірмесін бермесе, конкурстық комиссия жеңімпазды қалған конкурсқа қатысушылардың ішінен анықтайды не бұл лот келесі конкурсқа шығарылады.».