О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 7 июня 2006 года № 252/32-III "О Правилах застройки территории города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 7 июня 2006 года № 252/32-III "О Правилах застройки территории города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 252/32-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 413/54-IV
- Қабылданған күні
- 13.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2011 AI56547_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10A0000661
- ЭКБ идентификаторы
- 56547
- Редакция идентификаторы
- AI56547_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:43
0 Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 252/32-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 252/32-ІII "Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 27 шілдеде № 447 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 тамыздағы № 126 "Астана хабары", 2006 жылғы 8 тамыздағы № 120 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласы аумағында құрылыс салу қағидаларында:
17 "Сауда объектілерін орналастыру" тарауының 88-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
88
"88. Көшелердің эстетикалық сәулет келбетін сақтау және тиісінше санитарлық жай-күйде ұстау мақсатында уақытша объектілерді орналастыру қала әкімдігінің рұқсаты болуымен, 2010–2013 жылдарға арналған Астана қаласы аумағында уақытша сауда объектілерін орналастыру Сызбасына (1-қосымша) және Астана қаласы аумағында уақытша сауда объектілерін кезең-кезеңмен шығару Сызбасына (2-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.".
2 2010-2013 жылдары Астана қаласының аумағында уақытша объектілерді орналастырудың сызбасы
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы Е. Оспанов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин
Астана қаласы мәслихатының
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
N 413/54-IV шешіміне
1-қосымша
2010-2013 жылдары Астана қаласының аумағында уақытша объектілерді орналастырудың сызбасы
Астана қаласы мәслихатының
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
N 413/54-IV шешіміне
2-қосымша
2010-2013 жылдары Астана қаласы аумағынан уақытша объектілерді кезең бойынша шығарудың сызбасы