О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 «О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций» и от 23 декабря 2006 года № 1247 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 11 декабря 2006 года № 220»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 «О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций» и от 23 декабря 2006 года № 1247 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 11 декабря 2006 года № 220»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 және «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 747
- Қабылданған күні
- 18.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2021 159561_541669.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000747
- ЭКБ идентификаторы
- 159561
- Редакция идентификаторы
- 159561_541669
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:20
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 және «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) «Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидаларында:
1-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
2 2) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 5, 6 және 7-жолдар алып тасталсын.