Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 «О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций»

Қаулы · № 137 · қабылданған 26.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2006-no-645-ekb-129816/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 «О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций» Қолданыста Қаулы ·№ 137 ·26.03.2019
26.03.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 «О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций»

Қолданыста Қаулы ·№ 137 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 «О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций»
Атауы (қаз.)
«Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
137
Қабылданған күні
26.03.2019
Көрсетілген редакция
26.03.2019 129816_394754.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000137
ЭКБ идентификаторы
129816
Редакция идентификаторы
129816_394754
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:42

0 «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 137 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 7 шілдедегі
№ 645 қаулысымен
бекiтiлген
Агроөнеркәсіптік кешендi мамандандырылған
ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»

2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мынадай:

1 1) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы;

2 2) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;

3 3) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы;

4 4) «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы;

5 5) «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы;

6 6) «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы секілді агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау тәртібін айқындайды

2 2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1 1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды;

2 2) бюджеттік өтінім жасайды және республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты алады;

3

3) республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Холдинг) және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҰАҒББО» КеАҚ) жарғылық капиталын төлейді, оларға бюджеттік кредиттер берілуін ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

4 4) Холдингті және «ҰАҒББО» КеАҚ-ны корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.

3 3. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҰАҒББО» КеАҚ-ның қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:

1 1) агроөнеркәсіптік кешенде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау;

2

2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу, оның ішінде перспективалы агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу (шеттен алып пайдалану) жолымен енгізу, инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, агроөнеркәсіптік кешендегі ғылым, инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;

3 3) білімдерді тарату және беру, оның ішінде ғылыми-практикалық семинарлар өткізу, консультациялық қызметтер көрсету жолымен тарату және беру.

4

4. Мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму жоспарына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді «ҰАҒББО» КеАҚ-ның қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар аграрлық салада Қазақстан экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

5

5. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын «ҰАҒББО» КеАҚ-ны қоспағанда, мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдары мен лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

6 6. Мамандандырылған ұйымдар бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы