Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 "О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций"

Қаулы · № 425 · қабылданған 30.04.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2006-no-645-ekb-72426/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 "О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций" Қолданыста Қаулы ·№ 425 ·30.04.2013
30.04.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 "О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций"

Қолданыста Қаулы ·№ 425 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 "О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций"
Атауы (қаз.)
"Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
425
Қабылданған күні
30.04.2013
Көрсетілген редакция
30.04.2013 AI72426_0.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000425
ЭКБ идентификаторы
72426
Редакция идентификаторы
AI72426_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:08

0 "Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) агроөнеркәсіптік кешенде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін, оның ішінде перспективалы агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу (шеттен алып пайдалану) жолымен енгізу, инновациялық жобаларды қаржыландыруға қатысу, инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, агроөнеркәсіптік кешендегі ғылым, инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
3) білімдерді, оның ішінде ғылыми-практикалық семинарлар өткізу жолымен тарату және беру, консультациялық қызметтер көрсету;
4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жоғары репродукциялы тұқымдарын, ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды өнімін өндіру және тарату.»;
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды Холдингтің құрамына кіретін мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырады.
4. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулысымен бекітілген Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарына, Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады және аграрлық саладағы Қазақстан экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
5. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы осы Ереженің 2-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын «ҚазАгроИнновация» АҚ қоспағанда, мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларға қатысуы олардың органдарының және лауазымды адамдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы