Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 «О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций»

Қаулы · № 1083 · қабылданған 05.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2006-no-645/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 «О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций» Қолданыста Қаулы ·№ 1083 ·05.12.2023
05.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 «О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций»

Қолданыста Қаулы ·№ 1083 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 «О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций»
Атауы (қаз.)
«Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1083
Қабылданған күні
05.12.2023
Көрсетілген редакция
05.12.2023 189572_670986.kaz
Соңғы өзгеріс
05.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300001083
ЭКБ идентификаторы
189572
Редакция идентификаторы
189572_670986
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:10

0 «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

мынадай мазмұндағы кіріспемен толықтырылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді:
1) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы;
2) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
3) «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
4) «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Азық-түлік корпорациясы) сияқты мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау тәртібін айқындайды.».
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді «ҰАҒБО» КеАҚ-ның қатысуымен қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан экономикасының аграрлық салада жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы