О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2007 года № 580 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по заготовке древесины на участках государственного лесного фонда, осуществляемой лесопользователями"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2007 года № 580 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по заготовке древесины на участках государственного лесного фонда, осуществляемой лесопользователями"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі № 580 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1731
- Қабылданған күні
- 30.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2012 AI62885_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001731
- ЭКБ идентификаторы
- 62885
- Редакция идентификаторы
- AI62885_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:28
0 "Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі № 580 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 шілдедегі № 580 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 275-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жасалсын:
«Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
3 Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1731 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 шілдедегі
№ 580 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде сүрек дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1
1) мамандығы бойынша (орман шаруашылығы) жоғары кәсіби білімі немесе тиісті орта кәсіби білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар инженер-техник қызметкердің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда дипломның және тиісті оқудан өткені туралы, инженер-техник қызметкердің болуын растайтын құжаттардың және инженер-техник қызметкердің жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері, өтініш беруші мен инженер-техник қызметкердің арасындағы еңбек келісімін растайтын бұйрықтардың немесе еңбек келісім шарттарының көшірмелері);
2
2) ағаш құлату, бұтақтар кесу, сүректі сүйрей тасу, сүректі тиеу және тасып әкету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге оқытылған персоналдың салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда (тиісті оқудан өткені туралы құжаттардың көшірмелері, өтініш беруші мен персонал арасындағы еңбек келісімін растайтын бұйрықтардың немесе еңбек келісім шарттарының нотариалды куәландырылғаны көшірмелері);
3
3) ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемін және ағаш кесу жұмыстарын жүргізу кезінде «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген ағаш өсіру-экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін сүректі құлатуға, сүйрей тасуға, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен машинаның меншік құқығында материалдық-техникалық базаның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда техниканың техникалық паспорттарының және жыл сайынғы техникалық байқаудан өткені туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері);