О внесении дополнения и изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 7 марта 2007 года № 59 "Об организации движения автотранспортных средств по автомобильным дорогам общего пользования республиканского значения Республики Казахстан в дневное и вечернее время летнего периода"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 7 марта 2007 года № 59 "Об организации движения автотранспортных средств по автомобильным дорогам общего пользования республиканского значения Республики Казахстан в дневное и вечернее время летнего периода"
- Атауы (қаз.)
- "Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 174
- Қабылданған күні
- 07.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2012 AI52472_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006214_
- ЭКБ идентификаторы
- 52472
- Редакция идентификаторы
- AI52472_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:35
0
"Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4568 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 27 наурыздағы № 45 (1248) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
7 «7) Қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған»;
Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша:
реттік нөмірі 19-жолдағы «Жалпы ұзақтығы, км» және «Учаскенің соңы, км» бағандарындағы «135» деген сандар «127» деген сандармен ауыстырылсын.
«Жиыны» деген жолдағы «15379» деген сандар «15371» деген сандармен ауыстырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық оны ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________ С. Баймағанбетов
2010 жылғы 1 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
_____________ В. Бажко
2010 жылғы 2 сәуір