О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования» и от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования» и от 31 декабря 2015 года № 1193 «О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 327
- Қабылданған күні
- 03.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2016 102977_88065.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000327
- ЭКБ идентификаторы
- 102977
- Редакция идентификаторы
- 102977_88065
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:54
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1) «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7,
67-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары мен олардың мөлшерлерінде:
17-тармақтың 6) тармақшасындағы «мөлшерінде белгіленеді.» деген сөздер «мөлшерінде;» деп жазылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алып жатқан магистранттар үшін белгіленген стипендиядан төмен емес мөлшерінде белгіленеді.»;
2 2) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат):
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) (қызмет бабында пайдалану үшін);».