О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования»
- Атауы (қаз.)
- «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 651
- Қабылданған күні
- 16.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2018 125182_360846.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000651
- ЭКБ идентификаторы
- 125182
- Редакция идентификаторы
- 125182_360846
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:53
0 «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына тағайындалады және төленеді.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия мөлшері жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 85 (сексен бес) пайызы деңгейінде белгіленеді.».