Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования»

Қаулы · № 12 · қабылданған 28.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2008-no-116-ekb-139153/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования» Қолданыста Қаулы ·№ 12 ·28.01.2020
28.01.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования»

Қолданыста Қаулы ·№ 12 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования»
Атауы (қаз.)
«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12
Қабылданған күні
28.01.2020
Көрсетілген редакция
28.01.2020 139153_441280.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000012
ЭКБ идентификаторы
139153
Редакция идентификаторы
139153_441280
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:13

0 «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:
17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері:
1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 26 186 (жиырма алты мың бір жүз сексен алты) теңге;
2) интерндерге – 47 431 (қырық жеті мың төрт жүз отыз бір) теңге;
3) магистранттарға – 66 913 (алпыс алты мың тоғыз жүз он үш) теңге;
4) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға – 125 000 (бір жүз жиырма бес мың) теңге;
5) докторанттарға – 102 498 (бір жүз екі мың төрт жүз тоқсан сегіз) теңге;
6) резидентура тыңдаушыларына және денсаулық сақтау саласындағы магистранттарға – 76 951 (жетпіс алты мың тоғыз жүз елу бір) теңге;
7) мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақысының, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алып жатқан магистранттар үшін белгіленген стипендиядан төмен емес деңгейде;
8) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 21 787 (жиырма бір мың жеті жүз сексен жеті) теңге мөлшерінде белгіленеді.
18. Техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің мемлекеттік стипендиясы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 80 (сексен) пайызы деңгейінде белгіленеді.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Мемлекеттік стипендияларды ұлғайту мөлшері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
№ 2020 жылғы « »
қаулысына қосымша
Білім беру ұйымдарында білім
алушыларға мемлекеттік
стипендияларды тағайындау,
төлеу қағидаларына
қосымша
Мемлекеттік стипендияларды ұлғайту мөлшері
№ р/с
Сти­пен­ди­ат­тар тіз­бе­сі
Бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік сти­пен­дия кө­ле­мі­нен пай­ыз­ға шақ­қан­да­ғы ұл­ғай­ту мөл­ше­рі, %
1
2
3
1
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да оқи­тын кө­зі на­шар кө­ре­тін және құ­ла­ғы ке­міс мү­ге­дек­тер­ге;
75
2
«Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қа­ты­су­шы­ла­ры мен мү­ге­дек­терiне және со­лар­ға те­ңе­стiрiл­ген адам­дар­ға берiлетiн жеңiл­дiк­тер мен олар­ды әле­умет­тік қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес же­ңіл­дік­тер мен ке­піл­дік­тер бой­ын­ша со­ғыс мү­ге­дек­те­ріне те­ңе­сті­рі­л­ген тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да оқи­тын сту­дент­тер­ге, ма­ги­странт­тар­ға және ин­терн­дер­ге;
50
3
Же­тім ба­ла­лар мен ата-ана­ла­ры­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған және аза­мат­тар­дың қам­қор­лы­ғын­да­ғы (қор­ған­шы­лы­ғын­да­ғы) ба­ла­лар қа­та­рын­да­ғы тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да оқи­тын сту­дент­тер­ге, ма­ги­странт­тар­ға және ин­терн­дер­ге;
30
4
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да оқи­тын, ем­ти­хан сес­си­я­сы­ның нәти­же­ле­рі бой­ын­ша тек «өте жақ­сы» де­ген ба­ға­ла­ры бар сту­дент­тер­ге, ма­ги­странт­тар­ға (мем­ле­кет­тік ата­у­лы сти­пен­дия мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің сти­пен­ди­я­сын ала­тын сту­дент­тер­ден бас­қа).
15

Қолданыстағы