Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования»

Қаулы · № 498 · қабылданған 05.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2008-no-116-ekb-146185/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования» Қолданыста Қаулы ·№ 498 ·05.08.2020
05.08.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования»

Қолданыста Қаулы ·№ 498 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования»
Атауы (қаз.)
«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
498
Қабылданған күні
05.08.2020
Көрсетілген редакция
05.08.2020 146185_480082.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000498
ЭКБ идентификаторы
146185
Редакция идентификаторы
146185_480082
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:18

0 «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:
1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2-тарау. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу тәртібі»;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бірінші академиялық кезеңге мемлекеттік стипендия мемлекеттік тапсырыс бойынша бірінші курсқа (бірінші оқу жылына) қабылданған барлық студенттерге, магистранттарға тағайындалады және 1 қыркүйектен бастап бірінші академиялық кезең және каникул аяқталғанға дейін ай сайын төленеді.
Келесі академиялық кезеңдерде мемлекеттік стипендия студенттерге, магистранттарға осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес алдыңғы академиялық кезеңдегі аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша тағайындалады және төленеді.
6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша академиялық берешегі болмаса ұлғайту ескеріліп төленеді.
7. Мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия жазғы каникул кезеңі үшін екі айға (шілде, тамыз) бірге төленеді.»;
10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бір оқу орнынан басқасына ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия алдыңғы семестр қорытындысы бойынша оқу жоспарларындағы айырма жойылғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады және төленеді.
11. Докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және дайындық бөлімшелерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия бүкіл оқу мерзіміне тағайындалады және аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелеріне қарамастан бүкіл оқу кезеңінде төленеді.
12. Медициналық қорытындының (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның қорытындысы) негізінде берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура тыңдаушылары, докторанттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді.
Академиялық демалыстан оралған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия тағайындау және төлеу оқу жоспарларындағы академиялық айырма жойылғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сырқатына байланысты екінші оқу жылына қалдырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия олар оралған сәтінен бастап осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдің қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.
Тиісті медициналық қорытындысы болса, туберкулезбен ауыратын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия алдыңғы семестрдің қорытындысына қарамастан еңбекке жарамсыздық кезеңіне, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күннен бастап он айдан асырмай тағайындалады және төленеді.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін мемлекеттiк стипендияның мөлшерi».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы