Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования»

Қаулы · № 1134 · қабылданған 30.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2008-no-116-ekb-97247/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования» Қолданыста Қаулы ·№ 1134 ·30.12.2015
30.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования»

Қолданыста Қаулы ·№ 1134 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования»
Атауы (қаз.)
«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1134
Қабылданған күні
30.12.2015
Көрсетілген редакция
30.12.2015 97247_79893.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500001134
ЭКБ идентификаторы
97247
Редакция идентификаторы
97247_79893
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:20

0 «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының білім алушыларына стипендия тағайындау және төлеу тәртібі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері:
1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 20949 (жиырма мың тоғыз жүз қырық тоғыз) теңге;
2) интерндерге – 37945 (отыз жеті мың тоғыз жүз қырық бес) теңге;
3) магистранттарға – 53530 (елу үш мың бес жүз отыз) теңге;
4) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға – 100 000 (бір жүз мың) теңге;
5) докторанттарға – 81998 (сексен бір мың тоғыз жүз тоқсан сегіз) теңге;
6) резидентура тыңдаушыларына және денсаулық сақтау магистранттарына – 61561 (алпыс бір мың бес жүз алпыс бір) теңге мөлшерінде белгіленеді.»;
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын;
«18. Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің мемлекеттік стипендиясы жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 80 (сексен) пайызы деңгейінде белгіленеді.
19. Жоғары оқу орындары дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендияның мөлшері жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің ай сайынғы мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 85 (сексен бес) пайызы деңгейінде белгіленеді.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Мемлекеттік стипендияларды ұлғайту мөлшері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1134 қаулысына
қосымша
Білім беру ұйымдарында білім
алушыларға мемлекеттік
стипендияларды тағайындау,
төлеу қағидаларына
қосымша
Мемлекеттік стипендияларды ұлғайту мөлшері
Р/с №
Стипендиаттар тізбесі
Белгіленген мемлекеттік стипендия көлемінен пайызға шаққандағы ұлғайту мөлшері, %
1
2
3
1
Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын көзі нашар көретін және құлағы кеміс мүгедектерге;
75
2
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға және интерндерге;
50
3
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) балалар қатарындағы техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға және интерндерге;
30
4
Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттерге, магистранттарға (мемлекеттік атаулы стипендия мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алатын студенттерден басқа).
15

Қолданыстағы