О внесении изменения в постановление акимата города Степногорска от 7 мая 2009 года № а-4/226 "Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите на 2009 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Степногорска от 7 мая 2009 года № а-4/226 "Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите на 2009 год"
- Атауы (қаз.)
- Степногорск қаласы әкімдігінің "2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралары туралы" 2009 жылғы 7 мамырдағы № а-4/226 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-7/463
- Қабылданған күні
- 06.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2009 49383_201087.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BB000121
- ЭКБ идентификаторы
- 49383
- Редакция идентификаторы
- 49383_201087
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:04
0 Степногорск қаласы әкімдігінің "2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралары туралы" 2009 жылғы 7 мамырдағы № а-4/226 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Степногрск қаласы әкімдігінің «2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралары туралы» 2009 жылғы 7 мамырдағы № А-4/226 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-114 тіркелген, 2009 жылдың 26 маусымында «Степногорск Ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2. Мақсатты топтарына жататын тұлғалар тізбесі келесі жұмыссыз азаматтар санаттарымен толықтырылсын:
50 жастағы және одан үлкен жастағы тұлғалар;
ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (6 айдан артық);
29 жасқа дейінгі жастар;
қайта некеге тұрмаған жесір әйелдер, тұл ерлер;
орта және орта білімнен кейінгі бағдарламаларды жүзеге асыратын оқу мекемелерінің түлектері;
бұрын жұмыс істемегендер;
емдеу курсынан өткен өкпе ауруымен ауыратын тұлғалар;
мүгедектік есебінен шығарылғандар;
жасқа толуы бойынша әскери есептен шығарылғандар».
2 2. Осы Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
3 3. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы 2009 жылдың 1 мамырынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
4 4. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының м.а Ф.Жукова