Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 220 "Об утверждении Правил регистрации, пользования и распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет"

Бұйрық · № 319 · қабылданған 21.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2010-no-220/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 220 "Об утверждении Правил регистрации, пользования и распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет" Күшін жойған Бұйрық ·№ 319 ·21.10.2011
28.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 220 "Об утверждении Правил регистрации, пользования и распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 319 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 220 "Об утверждении Правил регистрации, пользования и распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет"
Атауы (қаз.)
"Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 220 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
319
Қабылданған күні
21.10.2011
Көрсетілген редакция
28.01.2016 AI61449_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007299
ЭКБ идентификаторы
61449
Редакция идентификаторы
AI61449_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:25

0 "Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 220 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 26) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 6523 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 9 қарашада № 461-468 (26311) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасының 4-тармақ, 8-тармақтың 6) тармақшасының және 9-тармақтың 3) тармақшасының іс-қимылдары осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген домендік атауларға таралмайды. Жаңа домендік атауларды тіркеу қосымша беріліп отырған Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасына сәйкес жүргізіледі.».

2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С.Сарсеновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы