Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения и изменения в решение маслихата от 7 октября 2010 года № 312 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Ереже · № 76 · қабылданған 23.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2010-no-312-ekb-69199/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнения и изменения в решение маслихата от 7 октября 2010 года № 312 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 76 ·23.11.2012
20.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения и изменения в решение маслихата от 7 октября 2010 года № 312 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 76 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения и изменения в решение маслихата от 7 октября 2010 года № 312 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2010 жылғы 7 қазандағы № 312 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
76
Қабылданған күні
23.11.2012
Көрсетілген редакция
20.03.2015 69199_202511.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NR003937
ЭКБ идентификаторы
69199
Редакция идентификаторы
69199_202511
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:48

0 Мәслихаттың 2010 жылғы 7 қазандағы № 312 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы № 312 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-18-125 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 18 қарашада "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қолданады.
Таран ауданы аумағында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.".

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ Л. Утешева

Қолданыстағы