Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2010 года № 520 "О ставках таможенных пошлин Республики Казахстан"

Қаулы · № 1046 · қабылданған 30.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2010-no-520-ekb-83510/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2010 года № 520 "О ставках таможенных пошлин Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 1046 ·30.09.2014
15.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2010 года № 520 "О ставках таможенных пошлин Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1046 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2010 года № 520 "О ставках таможенных пошлин Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1046
Қабылданған күні
30.09.2014
Көрсетілген редакция
15.10.2015 AI83510_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001046
ЭКБ идентификаторы
83510
Редакция идентификаторы
AI83510_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:25

0 "Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 304-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-1, 2-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ай сайын, айдың 20-күніне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетін келісімшарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсете отырып (келісімшарттар бойынша бөліністе), жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы хабардар етсін.
2-2. Осы қаулыға 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингін (бұдан әрі – бағалар мониторингі) жүзеге асырсын және ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне мұнай шикізатының орташа нарықтық бағасы туралы деректер берсін.»;
2-3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі ай ішінде:»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кедендік баждардың ставкаларын қайта қарауға арналған өтінімдер осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкаларында:
мына:
«
2713 20 000 0,
2713 20 000 0,
2713 90 100 0,
2713 90 900 0
Мұ­най би­ту­мы;
би­ту­ми­ноз­ды тү­рі­нен алын­ған мұ­най­ды неме­се мұ­най өнім­де­рін өң­де­уден қал­ған өзге де қал­дық­тар
-
112,59 дол­лар
112,59 дол­лар
0
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2713 20 000 0, 2713 90 100 0, 2713 90 900 0
Мұ­най би­ту­мы;
би­ту­ми­ноз­ды тү­рі­нен алын­ған мұ­най­ды неме­се мұ­най өнім­де­рін өң­де­уден қал­ған өзге де қал­дық­тар
-
112,59 дол­лар
112,59 дол­лар
1 тон­на үшін 15 ев­ро 15 қа­зан – 15 сәу­ір ара­лы­ғын­да
».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы