Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 «Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране»

Қаулы · № 728 · қабылданған 09.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2011-no-1151-ekb-115921/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 «Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране» Қолданыста Қаулы ·№ 728 ·09.11.2017
09.11.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 «Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране»

Қолданыста Қаулы ·№ 728 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 «Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
728
Қабылданған күні
09.11.2017
Көрсетілген редакция
09.11.2017 115921_256064.kaz
Соңғы өзгеріс
09.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000728
ЭКБ идентификаторы
115921
Редакция идентификаторы
115921_256064
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:20

0 «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері»

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аса маңызды мемлекеттік объектілерге тұтастығының бұзылуы мемлекет қауіпсіздігіне, оған жүктелген функцияларды нақты іске асыруға теріс әсер етуі, экономикаға елеулі зиян келтіруі, мемлекетаралық қарым-қатынастарды қиындатуы мүмкін, сондай-ақ мемлекет пен қоғам үшін аса маңызы бар объектілер жатады.
Аса маңызды мемлекеттік объектілердің санатына:
1) Қазақстан Республикасының республикалық және облыстық маңызы бар орталық және жергiлiктi атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Бас прокуратураның, облыстар прокуратураларының, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасы прокуратураларының, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да мамандандырылған прокуратуралардың, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет пен оның аумақтық бөліністерінің әкiмшiлiк ғимараттары мен объектiлерi;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері, оның филиалдары мен қоймалары;
3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері;
4) «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қазақстан» павильоны жатады.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы