Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране"

Қаулы · № 1368 · қабылданған 20.12.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2011-no-1151-ekb-76092/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране" Қолданыста Қаулы ·№ 1368 ·20.12.2013
20.12.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране"

Қолданыста Қаулы ·№ 1368 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1368
Қабылданған күні
20.12.2013
Көрсетілген редакция
20.12.2013 AI76092_0.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001368
ЭКБ идентификаторы
76092
Редакция идентификаторы
AI76092_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:27

0 "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

5-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

1

«1) Қазақстан Республикасының республикалық және облыстық маңызы бар орталық және жергiлiктi атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Бас прокуратураның, облыстардың прокуратураларының, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасы прокуратураларының, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да мамандандырылған прокуратуралардың, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық бөліністерінің әкiмшiлiк ғимараттары мен объектiлерi;».

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:

6-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

2

«2) В санаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың объектілері; жанар-жағармай, энергетикалық пайдалы қазбаларды өндіруге және қайта өңдеуге байланысты объектілер, химия өнеркәсібінің объектілері; су шаруашылығы объектілері – гидротехникалық құрылыстар: гидротораптар, шлюздер, бөгеттер; су қоймалары, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттарды әзірлеу, өндіру, сынау және сақтау жөніндегі ұйымдардың объектілері мен оқшауланған үй-жайлары; тіршілікті қамтамасыз ету объектілері; ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті адамдарды стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан және зерттеуден өткізу жөніндегі ұйым;

3

3) С санаты – Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы мемлекеттiк органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың; Бас прокуратураның, облыстар прокуратураларының, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасы прокуратураларының, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да мамандандырылған прокуратуралардың, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық бөліністерінің әкiмшiлiк ғимараттары мен объектiлерi; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң объектiлерi, оның филиалдары мен сақтау орындары; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерi; республикалық маңызы бар байланыс, теле және радиохабарларын тарату объектiлерi; ғарыш инфрақұрылымының объектілері.».

2 2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы