Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 149 "О Положении об Ассамблее народа Казахстана"

Жарлық · № 450 · қабылданған 21.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2011-no-149/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 149 "О Положении об Ассамблее народа Казахстана" Күшін жойған Жарлық ·№ 450 ·21.12.2012
27.12.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 149 "О Положении об Ассамблее народа Казахстана"

Күшін жойған Жарлық ·№ 450 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 149 "О Положении об Ассамблее народа Казахстана"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
450
Қабылданған күні
21.12.2012
Көрсетілген редакция
27.12.2024 69348_742170.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1200000450
ЭКБ идентификаторы
69348
Редакция идентификаторы
69348_742170
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:19

0 "Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 744-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеде:
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Қоғамды ұйыстыру, бірлікті қамтамасыз ету және ұлттық-мемлекеттік азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін одан әрі жетілдіру мақсатында, сондай-ақ қызметінің тиімділігін арттыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
Хатшылық Ғылыми-сарапшылық кеңесті тарта отырып, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы бағдарламалық құжаттардың жобасын әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады, оларды Кеңесте талқылауға енгізеді, Сессияда қарауды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне жолдайды.
26. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ орта мерзімді кезеңге арналған тұжырымдамалық ұсынымдар негізінде Ассамблея «Қазақстан халқы Ассамблеясының даму стратегиясы» тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) әзірлейді.
Әзірленген Тұжырымдама Ассамблея Төрағасының қарауына енгізіледі және ол мақұлданған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тұжырымдама стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және заңдар арқылы іске асырылады.»;
27-29 тармақтар алып тасталсын.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы