Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 7 апреля 2011 года № С-45/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Кокшетау"

Ереже · № С-47/15 · қабылданған 17.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2011-no-456-ekb-59560/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 7 апреля 2011 года № С-45/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Кокшетау" Күшін жойған Ереже ·№ С-47/15 ·17.06.2011
17.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 7 апреля 2011 года № С-45/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Кокшетау"

Күшін жойған Ереже ·№ С-47/15 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 7 апреля 2011 года № С-45/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Кокшетау"
Атауы (қаз.)
Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 "Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-47/15
Қабылданған күні
17.06.2011
Көрсетілген редакция
17.06.2011 59560_177493.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11BA000149
ЭКБ идентификаторы
59560
Редакция идентификаторы
59560_177493
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:11

0 Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 "Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-1-143 тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырда «Көкшетау» газетінде және 2011 жылғы 5 мамырда «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 2 тармағы жаңа редакциямен баяндалсын:
«2. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 1 адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр мөлшерінде қабылданады.
Электрқуатын беру (тұтыну) нормасы 1 адамға айына 150 квт. сағат белгіленсін.»;
6 тармақ жаңа редакциямен баяндалсын
«6. Тұрғын үй көмегін өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қарайтын және тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығаратын тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган тағайындайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін өтініш берушіге қабылданған шешім жөнінде жазбаша хабарлайды».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі М.Батырханов
«Көкшетау қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.Ахметов
«Көкшетау қаласының
қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы» Ө.Ыдырысов
«Көкшетау қаласының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Омарова

Қолданыстағы