О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 декабря 2011 года № 514 «Об утверждении Перечня республиканских и международных олимпиад и конкурсов научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам, конкурсов исполнителей, конкурсов профессионального мастерства и спортивных соревнований»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 декабря 2011 года № 514 «Об утверждении Перечня республиканских и международных олимпиад и конкурсов научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам, конкурсов исполнителей, конкурсов профессионального мастерства и спортивных соревнований»
- Атауы (қаз.)
- «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 139
- Қабылданған күні
- 31.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2017 111830_183074.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015068
- ЭКБ идентификаторы
- 111830
- Редакция идентификаторы
- 111830_183074
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:31
0
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 желтоқсандағы № 514 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 172-177 (27251) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың (ғылыми жобалар), орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстардың және спорттық жарыстардың тізбесінде:
«10. «Үздік мамандығы бойынша» халықаралық кәсіби шеберлік конкурстары» және «11. «Үздік мамандығы бойынша» республикалық кәсіби шеберлік конкурстары» деген бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Халықаралық кәсіптік шеберлік конкурстары:
1) WorldSkills Competition халықаралық чемпионаттары (УорлдСкиллз Компетишн, Бүкіләлемдік кәсіптік шеберлік конкурсы);
2) WorldSkills Europe халықаралық чемпионаттары (УорлдСкиллз Еуроп, Еуропа кәсіптік шеберлік конкурсы);
3) WorldSkills Russia халықаралық чемпионаттары (УорлдСкиллз Раша, Ресей кәсіптік шеберлік конкурсы);
4) WorldSkills Belorussia халықаралық чемпионаттары (УорлдСкиллз Белораша, Беларуссия кәсіптік шеберлік конкурсы);
11. Республиқалық кәсіптік шеберлік конкурстары;
1) WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионаты (УорлдСкиллз Қазақстан, Қазақстан кәсіптік шеберлік конкурсы).».
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және
3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.