О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 декабря 2011 года № 514 "Об утверждении Перечня республиканских и международных олимпиад и конкурсов научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам, конкурсов исполнителей, конкурсов профессионального мастерства и спортивных соревнований"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 декабря 2011 года № 514 "Об утверждении Перечня республиканских и международных олимпиад и конкурсов научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам, конкурсов исполнителей, конкурсов профессионального мастерства и спортивных соревнований"
- Атауы (қаз.)
- "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 175
- Қабылданған күні
- 06.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2013 AI72748_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008468
- ЭКБ идентификаторы
- 72748
- Редакция идентификаторы
- AI72748_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:07
0
"Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 бекітілген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 172-177 (27251) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесінде:
«1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар:» деген бөлім мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«21) Математика мен физикадан халықаралық олимпиада (AMITY);
22) «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасы.»;
«2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жарыстар:» деген бөлімде:
бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстары):»;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдердің зерттеу жұмыстарының жалпыресейлік конкурсы;
11) «EUROMATH» халықаралық математика конкурсы.»;
«3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жарыстар:» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстары):»;
«7. Орындаушылардың республикалық конкурстары:» деген бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары оқушыларының арасындағы Қазақстанның жас орындаушыларының республикалық конкурсы;».