Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Темирского района от 7 апреля 2011 года № 63 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"

Қаулы · № 240 · қабылданған 18.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2011-no-63-ekb-67996/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Темирского района от 7 апреля 2011 года № 63 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" Күшін жойған Қаулы ·№ 240 ·18.09.2012
14.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Темирского района от 7 апреля 2011 года № 63 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"

Күшін жойған Қаулы ·№ 240 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Темирского района от 7 апреля 2011 года № 63 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
Атауы (қаз.)
Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
240
Қабылданған күні
18.09.2012
Көрсетілген редакция
14.04.2016 67996_89429.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12CJ003420
ЭКБ идентификаторы
67996
Редакция идентификаторы
67996_89429
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:19

0 Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Темір аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-147 тіркелген, 2011 жылы 20 мамырда № 21 «Темір» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;
1 тармақта «мөлшерінде» деген сөзінен кейін «қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
2 тармақта «өтініш жасаған» деген сөзінен кейін «қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қалауовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы