Құжат мәтініне өту

ИМПОРТ: О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 7 сентября 2012 года N 73 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Ереже · № 119 · қабылданған 27.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2012-n-73-ekb-72184/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
ИМПОРТ: О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 7 сентября 2012 года N 73 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 119 ·27.03.2013
14.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

ИМПОРТ: О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 7 сентября 2012 года N 73 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 119 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
ИМПОРТ: О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 7 сентября 2012 года N 73 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
ИМПОРТ: Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 қыркүйектегі N 73 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
119
Қабылданған күні
27.03.2013
Көрсетілген редакция
14.04.2014 72184_31880.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13LG004434
ЭКБ идентификаторы
72184
Редакция идентификаторы
72184_31880
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:26

0 Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 қыркүйектегi N 73 "Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын бекiту туралы" шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШТI:

1

1. "Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын бекiту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 қыркүйектегi N 73 шешiмiне (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 4327 болып тiркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы "Жаңақорған тынысы" газетiнiң 90 нөмiрiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген шешiммен бекiтiлген тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 12 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.".
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.".

2 2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы