Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 7 сентября 2012 года N 73 "Об утверждении Првил предоставления жилищной помощи"

Өзге акт · № 197 · қабылданған 14.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2012-n-73/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 7 сентября 2012 года N 73 "Об утверждении Првил предоставления жилищной помощи" Күшін жойған Өзге акт ·№ 197 ·14.04.2014
26.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 7 сентября 2012 года N 73 "Об утверждении Првил предоставления жилищной помощи"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 197 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 7 сентября 2012 года N 73 "Об утверждении Првил предоставления жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 қыркүйектегі N 73 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
197
Қабылданған күні
14.04.2014
Көрсетілген редакция
26.12.2017 79827_279972.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14LG004661
ЭКБ идентификаторы
79827
Редакция идентификаторы
79827_279972
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:05

0 "Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын бекiту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 қыркүйектегi N 73 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" 2012 жылғы 16 қазандағы N 1316 Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының 2-тармағына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. "Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын бекiту туралы" 2012 жылғы 7 қыркүйектегi N 73 Жаңақорған аудандық мәслихатының шешiмiне (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 4327 болып тiркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы N 90 "Жаңақорған тынысы" газетiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген шешiммен бекiтiлген тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге берiледi.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 12 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.".

2

2. "Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 қыркүйектегi N 73 "Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын бекiту туралы" шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" 2013 жылғы 27 наурыздағы N 119 Жаңақорған ауданы мәслихаты шешiмiнiң (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 4434 болып тiркелген, 2013 жылғы 1 мамырдағы N 34 "Жаңақорған тынысы" газетiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы