Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 7 июня 2012 года № 237 "Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений"

Бұйрық · № 572 · қабылданған 28.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2012-no-237-ekb-93315/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 7 июня 2012 года № 237 "Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений" Күшін жойған Бұйрық ·№ 572 ·28.07.2015
05.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 7 июня 2012 года № 237 "Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 572 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 7 июня 2012 года № 237 "Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений"
Атауы (қаз.)
"Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
572
Қабылданған күні
28.07.2015
Көрсетілген редакция
05.02.2024 93315_684545.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011955
ЭКБ идентификаторы
93315
Редакция идентификаторы
93315_684545
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:55

0

«Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7785 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда № 282-283 (27101-27102) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:
уәкілетті органның бірінші басшысы (орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда);
жауапты хатшы (орталық мемлекеттік органдарда);
уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары (жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда);
заң қызметінің басшысы (болған жағдайда);
қаржы қызметінің басшысы;
кадр қызметінің басшы;
Тұрғын үй комиссиясының хатшысы;
кәсіподақ ұйымының өкілдері (болған жағдайда);
уәкілетті орган қызметкерлерінің ішінен өкілдер.».
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй комиссиясын - уәкілетті органның бірінші басшысы басқарады.
Орталық мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын жауапты хатшы басқарады.
Жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары басқарады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тұрғын үй комиссиясы отырысты қажеттілігіне қарай өткізетін орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда, дауыс беру құқығы бар барлық мүшелер болған кезде айына кемінде бір рет отырыс өткізеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы