Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 7 июня 2012 года № 237 «Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений»

Бұйрық · № 386 · қабылданған 26.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2012-no-237/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 7 июня 2012 года № 237 «Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений» Күшін жойған Бұйрық ·№ 386 ·26.06.2017
05.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 7 июня 2012 года № 237 «Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 386 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 7 июня 2012 года № 237 «Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений»
Атауы (қаз.)
«Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
386
Қабылданған күні
26.06.2017
Көрсетілген редакция
05.02.2024 113755_684549.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015383
ЭКБ идентификаторы
113755
Редакция идентификаторы
113755_684549
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:41

0

«Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7785 болып тіркелген, 2012 жылғы 28 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережеде:
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй комиссиясы тақ санды кемінде бес адамнан (орталық мемлекеттік органдарда кемінде жеті), оның ішінде кәсіподақ ұйымының өкілдерінен (болған жағдайда), уәкілетті органның өкілдерінен және тұрғын үй комиссиясының хатшысынан қалыптастырылады.
4. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:
уәкілетті органның бірінші басшысы (орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда);
жауапты хатшы немесе «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығының 3-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Жарлық) оның міндетін атқарушы тұлға (орталық мемлекеттік органдарда);
аппарат басшысы немесе уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары (жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда);
заң қызметінің басшысы (болған жағдайда);
қаржы қызметінің басшысы;
кадр қызметінің басшысы;
Тұрғын үй комиссиясының хатшысы;
үштен аспайтын кәсіподақ ұйымының өкілдері (болған жағдайда);
уәкілетті органның өкілдері.
5. Тұрғын үй комиссиясын уәкілетті органның бірінші басшысы басқарады.
Орталық мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын жауапты хатшы немесе Жарлықтың 3-тармағына сәйкес оның міндетін атқарушы тұлға басқарады.
Жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын аппарат басшысы немесе уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасары басқарады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тұрғын үй комиссиясы, отырысты қажеттілігіне қарай өткізетін орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда, отырысты айына кемінде бір рет өткізеді.»;
9-тармақ алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тұрғын үй комиссиясы хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тұрғын үй комиссиясының шешімі, егер оны қатысып отырған мүшелердің үштен екісі қабылдаса, заңды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы