Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 7 ноября 2012 года № 357 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»

Қаулы · № 13 · қабылданған 21.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2012-no-357/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 7 ноября 2012 года № 357 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка» Қолданыста Қаулы ·№ 13 ·21.01.2022
21.01.2022 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 7 ноября 2012 года № 357 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»

Қолданыста Қаулы ·№ 13 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 7 ноября 2012 года № 357 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
Атауы (қаз.)
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 357 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
13
Қабылданған күні
21.01.2022
Көрсетілген редакция
21.01.2022 163951_558625.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22SD026598
ЭКБ идентификаторы
163951
Редакция идентификаторы
163951_558625
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:41

0 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 357 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 357 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1978 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Солтүстік Қазақстан
облысының полиция
департаменті Ақжар
ауданының полиция
бөлімі» мемлекттік мекемесі»

1 Ақжар ауданы әкімдігінің

2022 жылғы 21 қаңтардағы
№ 13 қаулысына
1 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 357 қаулысына
1 қосымша

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің алғыс хаты.

2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.

3 3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.

4 4. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен құны аспайтын бағалы сыйлық.

2 Ақжар ауданы әкімдігінің

2022 жылғы 21 қаңтардағы
№ 13 қаулысына
2 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 357 қаулысына
2 қосымша
Осы тәртіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін анықтайды.

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ақжар ауданы әкімдігі жанындағы аудандық Комиссиямен қаралады (бұдан әрі - Комиссия).

2

2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссия қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Ақжар ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ақжар ауданының ПБ) енгізеді.

3 3. Комиссиямен қабылданған шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4 4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, Комиссия белгілейді.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу және бағалы сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес қосымша Ақжар ауданының ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

6 6. Ақжар ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

7 7. Көтермелеуді төлеуге арналған қаражат Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.

8 8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарды марапаттау Ақжар ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.

Қолданыстағы