Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2012 года № 585 "Об утверждении Правил изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов"

Қаулы · № 1000 · қабылданған 24.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2012-no-585/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2012 года № 585 "Об утверждении Правил изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов" Күшін жойған Қаулы ·№ 1000 ·24.09.2013
07.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2012 года № 585 "Об утверждении Правил изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1000 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2012 года № 585 "Об утверждении Правил изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов"
Атауы (қаз.)
"Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1000
Қабылданған күні
24.09.2013
Көрсетілген редакция
07.09.2015 AI74470_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001000
ЭКБ идентификаторы
74470
Редакция идентификаторы
AI74470_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:15

0 "Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 654-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларында:
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін мынадай құжаттарды:
1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті;
2) квотаның өзгеруін негіздейтін есептерді тапсырады.
5. Квотаның ұлғаюына байланысты парниктік газдар шығарындыларына квоталарды қайта қарау белгіленген базалық деңгейден ұлттық жоспардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңде жүргізілген өзгертулер бойынша қаралады.»;
6-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Уәкілетті органға ұсынылған материалдардың толық еместігі және дәйексіздігі квотаны өзгертуден бас тарту үшін негіз болып табылады.»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қызметті алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі.
Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы