О внесении изменений в решение маслихата района от 7 сентября 2012 года № 73 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района от 7 сентября 2012 года № 73 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2012 жылғы 7 қыркүйектегі №73 аудан мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 283
- Қабылданған күні
- 05.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2017 90105_279970.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15LG004996
- ЭКБ идентификаторы
- 90105
- Редакция идентификаторы
- 90105_279970
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:09
0 «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 қыркүйектегі №73 аудан мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 қыркүйектегі №73 аудан мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4327 нөмірімен тіркелген, аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің 2012 жылғы 3 қарашадағы №90 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
1- тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жекешелендірілген тұрғынжайларды тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
3-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады».