Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата от 7 октября 2013 года № 171 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов"

Өзге акт · № 14 · қабылданған 01.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2013-no-171-ekb-101525/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата от 7 октября 2013 года № 171 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов" Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 ·01.04.2016
01.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата от 7 октября 2013 года № 171 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата от 7 октября 2013 года № 171 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2013 жылғы 7 қазандағы № 171 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14
Қабылданған күні
01.04.2016
Көрсетілген редакция
01.11.2021 101525_544961.kaz
Соңғы өзгеріс
01.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NA006288
ЭКБ идентификаторы
101525
Редакция идентификаторы
101525_544961
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:48

0 Мәслихаттың 2013 жылғы 7 қазандағы № 171 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мәслихаттың 2013 жылғы 7 қазандағы № 171 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4281 тіркелген, 2013 жылғы 12 қарашада «Наш Костанай» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар анықталсын:
1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі –алушылар) көрсетіледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мынадай мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:
мүгедек баланың қайтыс болуы;
мүгедек баланың толық мемлекет қарауына берілуі;
алушының жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету.
Артық төленген сомалар – ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады;
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш;
алушының жеке басын куәландыратын құжат;
тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтама;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.».

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

«Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________С. Умаров
«01» сәуір 2016 жыл
«Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________Н. Дорошок
«01» сәуір 2016 жыл

Қолданыстағы