Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 октября 2013 года № 413 «О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак»

Бұйрық · № 463 · қабылданған 18.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2013-no-413/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 октября 2013 года № 413 «О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак» Қолданыста Бұйрық ·№ 463 ·18.09.2018
18.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 октября 2013 года № 413 «О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак»

Қолданыста Бұйрық ·№ 463 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 октября 2013 года № 413 «О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак»
Атауы (қаз.)
«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
463
Қабылданған күні
18.09.2018
Көрсетілген редакция
18.09.2018 124878_357730.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017452
ЭКБ идентификаторы
124878
Редакция идентификаторы
124878_357730
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:12

0 «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 8880 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 272 (28211) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидаларында:
мындай мазмұндағы 20-1. тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Стипендиаттың орналасу мерзімін кейінге қалдыруды алу қажеттілігі туындаған жағдайда, Стипендиат орналасуды жүзеге асырудың мүмкін еместігін растаушы құжаттарымен қоса, кейінге қалдыру туралы өтінішімен Комиссияға жүгінеді. Орналасуды кейінге қалдыруды Комиссия, оқуға/тағылымдамадан өтуге арналған шарттарды жасасқан күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге ұсынады.»;
мындай мазмұндағы 22-4. тармақпен толықтырылсын:
«22-4. Стипендиаттарды магистратура алдындағы дайындыққа немесе академиялық оқуға орналастыру тілдік курстарды аяқтаған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) жылдан кешіктірмей жүзеге асырылады.»;
мындай мазмұндағы 28-2 тармақпен толықтырылсын:
«28-2. Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, Стипендиат растаушы құжаттарымен қоса еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Қоғамға жүгінеді. Қоғам Стипендиатқа еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді кейінге қалдыруды ұсыну туралы мәселені Республикалық комиссияның қарауына келесі жағдайларда енгізеді:
шетелде оқуды/тағылымдамадан өтуді жалғастыру;
еңбек қызметін жүзеге асыруға кедергі болған ауруды емдеу;
шетелде оқитын немесе тағылымдамадан өтіп жатқан зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;
мемлекеттік немесе әскери қызметші болып табылатын және шетелге уақытша жұмысқа немесе қызметтен өтуге жіберілген зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;
жүктілік жағдайы, сондай ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеу.».

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті (Қ.Е. Аханов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.И. Ешенқұловқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы